Геометриялық фигураларды пайдаланып поезд құрастырыңдар

Сабақтың тақырыбы

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Ойын
  • Жеке жұмыс
  • Жұптық жұмыс
  • Топтық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Кесте
  • Геометриялық фигуралар
  • Электронды оқулық

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Тік төртбұрыш пен шаршының ауданы туралы түсінік қалыптастыру, ауданды табудың әртүрлі тәсілдерімен таныстыру. Тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және мәндерін салыстыру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Саналылыққа, зеректілікке, достыққа тәрбиелеу. Білімге қызығушылықты арттыру, жылдамдыққа, тапқырлыққа, дәлдікке баулу.

Дамытушылық

Оқушының логикалық ойлауын және математикалық тілін дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі сабағымыз ерекше форматта өтеді. Сабаққа қонақтар қатысып отыр. Сәттілік тілеймін!

Топқа бөліну

Тақтадағы стикерлерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеміз: Үшбұрыш, Шаршы, Тіктөртбұрыш.

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Сынып ережелері

  • 1 Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз.
  • 2 Нақты әрі дәл жауап береміз.
  • 3 Белсенді қатысып, белсенді жауап береміз.
  • 4 Тапқырлық пен шапшаңдықты көрсетеміз.

Үй тапсырмасын тексеру (№6)

1-топ: Үшбұрыш

  1. Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз?
  2. Үшбұрыштың ауданын қалай табамыз?
  3. Тағы қандай геометриялық фигураның ауданын палетка арқылы табуға болады?

2-топ: Тіктөртбұрыш

  1. Тіктөртбұрыштың бір бұрышын кесіп алса, неше бұрышы қалады?
  2. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
  3. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

3-топ: Шаршы

  1. Шаршының периметрін қалай табамыз?
  2. Шаршының ауданын қалай табамыз?
  3. Шаршының қасиеттерін ата.

Математикалық диктант

7 × 3 =
9 × 3 =
64 ÷ 8 =
100 ÷ 2 =
72 ÷ 9 =
8 × 4 =
6 × 9 =

Жаңа сабақ: квадрат метр

Негізгі түрлендірулер

1 м
= 10 дм
1 м²
= 100 дм²

Есіңе сақта

Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін оның ұзындығын еніне көбейтеміз (өлшем бірліктері бірдей болуы керек): S = a × b

Топтық есептер

I-топ

Тіктөртбұрыш пішіндес терезенің ұзындығы 10 дм, ені 7 дм. Терезенің ауданы неге тең?

Шешуі: 10 × 7 = 70

Жауабы: 70 дм²

II-топ

Тіктөртбұрыш пішіндес бөлменің ұзындығы 20 м, ені 9 м. Бөлменің ауданы неге тең?

Шешуі: 20 × 9 = 180

Жауабы: 180 м²

III-топ

Тіктөртбұрыш пішіндес терезенің ұзындығы 10 дм, ені 8 дм. Терезенің ауданы неге тең?

Шешуі: 10 × 8 = 80

Жауабы: 80 дм²

Ұран: «Ізденемін, ойланамын. Әуелі кіріс — кіріссең, бітіру қиын болмайды!»

№2 Топтық жұмыс: периметр және аудан

1-топ

Ұзындығы 5 см, ені 2 см тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын тап.

P: 5 + 2 + 5 + 2 = 14 см

S: 5 × 2 = 10 см²

2-топ

Қабырғасы 4 см шаршының периметрі мен ауданын тап.

P: 4 + 4 + 4 + 4 = 16 см

S: 4 × 4 = 16 см²

3-топ

Ұзындығы 3 см, ені 2 см тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын тап.

P: 3 + 2 + 3 + 2 = 10 см

S: 3 × 2 = 6 см²

Электронды оқулықпен жұмыс

Тақырып бойынша тапсырмаларды орындаймыз және қысқа қорытынды жасаймыз.

№3 Өз бетінше жұмыс: «Тездет, бірақ қателеспе»

Әр үшбұрыштың периметрін өрнек түрінде жаз.

1-топ

P = x + 3 + 2

2-топ

P = 4 см + 2 см + 5 см = 11 см

3-топ

P = x + 5 + 5

Мотивация: «Мұны сен істей аласың — сенің қабілетің бар!»

№4 Логикалық есеп

Мәтін

Ертіс–Қарағанды каналының беткі ені 40 м. Табанының ені одан 10 есе кем. Тереңдігі табанының енінен 1 м артық. Каналдың тереңдігі неше метр?

Шешуі

Табанының ені: 40 ÷ 10 = 4 (м)

Тереңдігі: 4 + 1 = 5 (м)

Жауабы: 5 м

Сергіту сәті

Оң қолыңды көтеріп, Үшбұрыш сыз ауада. Сол қол қарап тұрмасын, Шеңбер сызып зырласын.

№5 Жеке жұмыс

1-топ

  • (15 + 35) ÷ 5 = 10
  • (29 − 14) ÷ 5 = 3

2-топ

  • (161 − 152) × 3 = 27
  • (200 − 193) × 4 = 28

3-топ

  • 9 × 5 − 7 × 3 = 24
  • 8 × 5 − 18 ÷ 2 = 31

№6 Жұптық жұмыс: қалдықпен бөлу

I-топ

4-ке бөлгенде 3 қалдық қалатын төрт сан жаз.

  • 15 ÷ 4 = 3 (қалд. 3)
  • 23 ÷ 4 = 5 (қалд. 3)
  • 27 ÷ 4 = 6 (қалд. 3)
  • 35 ÷ 4 = 8 (қалд. 3)

II-топ

3-ке бөлгенде 2 қалдық қалатын төрт сан жаз.

  • 8 ÷ 3 = 2 (қалд. 2)
  • 17 ÷ 3 = 5 (қалд. 2)
  • 23 ÷ 3 = 7 (қалд. 2)
  • 26 ÷ 3 = 8 (қалд. 2)

III-топ

4-ке бөлгенде 1 қалдық қалатын төрт сан жаз.

  • 13 ÷ 4 = 3 (қалд. 1)
  • 21 ÷ 4 = 5 (қалд. 1)
  • 29 ÷ 4 = 7 (қалд. 1)
  • 37 ÷ 4 = 9 (қалд. 1)

Шығармашылық топтық жұмыс

I-топ

Геометриялық фигураларды пайдаланып поезд құрастырыңдар.

II-топ

Аудан формуласына сүйеніп, үй құрастырыңдар.

III-топ

Геометриялық фигураларды пайдаланып машина құрастырыңдар.

Рефлексия

Негізгі ұғым

Қабырғасы 1 дм шаршының ауданы 1 дм². Квадрат дециметр — ауданның өлшем бірлігі.

Сонымен қатар: 1 м² = 100 дм².

Сұрақтар

  • Бүгінгі сабақта не үйрендік?
  • Сабақтың қай бөлігі ұнады? Неліктен?
  • Қандай ойын түрлері болды? Қайсысы саған ұнады?
  • Қай топтың белсенділігі ерекше болды?
  • Ауданның өлшем бірліктерін ата.

Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушылар топ бойынша мадақталып, жеткен жетістіктеріне сай бағаланады. Топ басшысы өз тобының жұмысын қорытындылап, бағалау жүргізеді.

«Қорықпа — бұл сенің қолыңнан келеді!»

Үй тапсырмасы

Тәжірибелік тапсырма

Өз бөлмелеріңнің ауданын өлшеп, есептеп келіңдер.

Оқулық бойынша

№7, 96-бет.

Автор туралы

Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп. Бастауыш сынып пән мұғалімі — Балғабаева Перизат Мұратқызы.