Еліктеу сөздер тақырыбына қорытынды тест жұмысын жазу
Қысқа мерзімді сабақ жоспары (6-сынып, қазақ тілі)
Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шарпекова Ақмарал Сайлауқызы.
Тақырып
Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Оқу құралы
Қазақ тілі: Исаев К., Назарғалиева Ж., Дәулетбекова Ж. — Алматы: Атамұра, 2011.
Сабақтың мақсаты
Еліктеу сөздердің құрамдық ерекшелігін және басқа сөз таптарынан айырмашылығын таныту; өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Ойлау, іздену, қиялдау, елестету, ой қорыту және өз ойын дәлелдей білу дағдыларын дамыту, тұрақты дамуға ықпал ету.
Күтілетін нәтиже
- Еліктеу сөздердің құрамдық түрлерін, жасалу жолдарын және басқа сөз таптарынан ерекшелігін түсінеді.
- Мәтіннен және көркем шығармалардан еліктеу сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажыратады; семантикалық картамен жұмыс жасайды.
- «Еліктеу сөздер» тақырыбы бойынша қорытынды тест жұмысын орындайды.
Сабақ барысы
I. Психологиялық ахуал
Ұйымдастыру кезеңі- Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аударту.
- Сергіту сәті: «От шашу».
- Сыныпты ауыз әдебиеті түрлері бойынша топқа бөлу; тақырыпқа және топ атауына сай мақал-мәтел, жұмбақ айтқызып, сабақты бастау.
- Критериалды бағалау парағымен таныстырып, тарату.
II. Үй тапсырмасын тексеру
БілуАлдыңғы тақырып бойынша берілген тапсырмалар тексеріледі, қысқа кері байланыс беріледі.
III. Ой қозғау (түрткі сұрақтар)
ТүсінуСыныпқа бағытталған сұрақ
Балалар, біз еліктеу сөздердің мағынасына қарай еліктеуіш және бейнелеуіш болып бөлінетінін білдік. Одан басқа қандай түрі бар деп ойлайсыңдар?
- Интербелсенді тақтадан мысалдар көрсетіледі.
- Жұлдызша ішіндегі сөздерге назар аударту: түбірі мен құрамын талдату.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру, қосымша мысалдар келтіру.
- Басқа сөз таптарымен салыстыру: оқушы жауаптарын тыңдап болған соң, Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.
Еліктеу сөздер
Құрамы, жасалуы, мағынасы бойынша ерекшеліктері.
Ұқсастығы
Сөйлем ішінде қызмет атқаруы және мағыналық рөлі.
Басқа сөз таптары
Құрылымдық және грамматикалық белгілері.
IV. Мағынаны тану
Қолдану1-тапсырма
3 минутЗерттеушілік әңгіме: оқулықтағы жаттығумен жұмыс жасап, еліктеу сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажырату.
2-тапсырма
3 минутСемантикалық картамен жұмыс: берілген мысалдарды мағынасы мен жасалуына қарай сәйкестендіру.
V. Тест жұмысы
Талдау«Еліктеу сөздер» тақырыбы бойынша алынған білім тексеріледі.
VI. Ой қорыту
Жинақтау«Алты қалпақ» әдісі арқылы тақырыпты әр қырынан қарап, зерттеп, талдап, қорытынды жасау ұсынылады.
VII. Бағалау
Бағалау критерийіБаға 5
13–15 балл
Баға 4
10–12 балл
Баға 3
7–9 балл
Баға 2
0–6 балл
VIII. Рефлексия
Кері байланыс«Шатасқан логикалық тізбек» әдісі
Оқушыларға екі түрлі конверт ұсынылады. Конверт ішінде сөздер шашыраңқы берілген; сол сөздерді реттеп, бір мағыналы сөйлем құрастыру қажет.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Өзара бағалау: екі жағымды пікір және бір ұсыныс айту арқылы кері байланыс беріледі.
3-тапсырма
3 минутБағандағы еліктеуіш сөздерді етістіктермен жұптастырып, сол тіркестерді қолданып сөйлем құрастыру.
Ескерту
Қажет болған жағдайда сабақ жоспарының толық нұсқасын жүктеуге болады.