Шерхан Мұртаза Тұтқын бала әңгімесі

Сабақ тақырыптары

  • 1

    Шерхан Мұртаза — «Тұтқын бала» әңгімесі

  • 2

    Сайын Мұратбеков — «Қылау» әңгімесі

Әдебиет пәні, 6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар.

Сабақтың тақырыбы

Сайын Мұратбеков — «Қылау» әңгімесі

Мақсаты

Оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері

  • Өз ойларын еркін айтуына ықпал ету.

  • Тапсырмаларды дұрыс орындауына бағыт-бағдар беру.

  • Еркін жұмыс жасауына жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже

  • Әңгіменің мазмұнын меңгереді.

  • Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасай алады.

  • Талдау барысында мәтінді өмірмен байланыстыра алады.

Дереккөздер

1) Википедия

Ашық энциклопедия

2) Ғаламтор

Қосымша материалдар

Сабақтың барысы

I. Психологиялық ахуал қалыптастыру

  1. 1

    Сергіту сәті: «Биле-биле».

  2. 2

    Сыныпты топқа бөлу: геометриялық фигуралар арқылы топтасу.

II. Үй жұмысын тексеру

Шығармашылық тапсырма

Бала Тұрардың болашағын өз қиялдарыңмен жалғастырып, әңгімені аяқтау.

«Тұтқын бала» әңгімесі бойынша «Кубик» ойыны (сұрақ-жауап)

  • Тұрар кім?

  • Рысқұлдың Тұрарды қасына алдыруының себебі неде?

  • Тұрар оқу мен жазуды кімнен үйренеді?

  • Тұрардың дәптерге жазған алғашқы сөздері қандай?

  • Мектепке барғанда Тұрардың фамилиясы қандай болды?

  • Тұрар кімге көмекші болды?

III. Жаңа сабақ: «Қылау»

Қылау дегеніміз не?

Қылау — қыста сілбіреп жауатын ұлпа, майда қар.

Шығарма неге «Қылау» деп аталады?

Себебі Сатай мен Рабиғаның достығы қылаулап басталады — нәзік те баяу, бірақ әсерлі.

Қызығушылықты ояту: ой шақыру

«Қай сәт бейнеленген?» Сатайдың сөздерінен мысал келтіріп, олардың қай кезде айтылғанын анықтау.

«Әй, беймазасын-ай, осы шалдың!»

«Шіркін-ай, ең болмаса он минут ұйықтар ма еді?»

«Қара ішікті оранып ап, аунай кетіп ұйықтаса, шіркін!»

«Мұндайда қасқыр кездесуі мүмкін-ау!»