Тақырып кім туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Т. Рысқұлов ауданы, М. Жәрімбетов ауылы
«Алғабас» жалпы орта мектебі • Бастауыш сынып мұғалімі: Жәрімбетова Алуа Шалбаевна
Сабақ тақырыбы: Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар»
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы ақын Абаймен байланысты балалық шағы туралы түсінік беру; тақырыптың мазмұн-мәнін ашып, ақпаратты іріктеу және жинақтау.
Дамытушылық
Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; Абайтану мен Мұхтартануға бағыттап, ізденімпаздығын арттыру.
Тәрбиелік
Абай өсиеттерінен тәлім-тәрбие алу, қарасөздерінен ғибраттану; Мұхтар Әуезовтің жазушылық өнегесіне баулу.
Сабақ туралы қысқаша
- Әдісі
- Сыни ойлау әдісі
- Түрі
- Аралас сабақ
- Көрнекілігі
- Абай және Мұхтар портреттері (интерактивті тақта)
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі
«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес».
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық дайындық.
- Үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау.
Жаңа сабаққа кіріспе
Сұрақ-жауап жұмысы Блум таксономиясы қағидатымен ұйымдастырылады. Оқушылар өлең жолдары арқылы авторды танып, Абай мен Мұхтар арасындағы рухани сабақтастықты ашады.
Негізгі бөлім: сұрақ-жауап
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Талқылау: бұл өлең кімнің шығармасы?
Түйінді сұрақтар
- Абай Құнанбаев кім?
- Абайды дүние жүзіне танытқан кім?
- Мұхтар Әуезов Абай туралы қандай эпопея жазды?
Маңызды байланыс
Мұхтар ес білгелі Абайдан тәлім алып, үлгі-өнеге көрді. Ахмет Әуезовтің естелігі бойынша, атасы хат танып, әріп жаза бастаған соң, Мұхтарға және үй ішіне Абай өлеңдері мен қарасөздерін үйрете бастайды.
«Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қарасөзін үйрете бастады».
Мини-лекция: «Абай» және «Абай жолы»
Абайды әлемге танытқан — Мұхтар Әуезов. Ал Мұхтардың өзін әлемге танытқан ұлы туынды — «Абай жолы» эпопеясы. Эпопеяның сөздік қоры мен көркемдік қуаты айрықша: шығармада 1000-ға жуық кейіпкер қатысады. Осыншама тұлғаны табиғи диалог арқылы сөйлету — үлкен шеберліктің белгісі.
Берілген үзінді Мұхтардың балалық шағына арналған және Ахмет Әуезовтің естелігі негізінде баяндалады.
Оқулықпен жұмыс
- «Жас Мұхтар» мәтінін іштей мәнерлеп оқу.
- Мәтінді дауыстап мәнерлеп оқу.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды жинақтау.
Шығармашылық тапсырмалар
- Эссе жазу.
- Әңгіме немесе өлең құрастыру.
Дәптермен жұмыс
Абайдың 1–2 қарасөзінен үзінді жазу.
Мәтінге жоспар құру
- Абай ауылында
- Атаның тапсырмасы
- Естігенді ұмытпау
- Абайдың қарасөздері
- Ауыз әдебиеті
- Мұхтардың шығармалары
Топтық жұмыс (1-топ)
- Тақырып кім туралы?
- Мазмұнын кім әңгімелейді?
- Кейіпкерлер кімдер?
- Мәтінде қанша азатжол бар?
- Естігенді ұмытпау үшін оқушы қандай болуы керек?
- Диалог сөйлемдерді тауып, мәнерлеп оқу.
- Мазмұнын әңгімелеу.
- Абайдың қарасөздерін кім біледі? Мысал келтіру.
Сергіту сәті
Қысқа тыныс алу және назар жаттығулары.
Топтық жұмыс (2-топ)
- Құрмалас сөйлемді тауып, оқу.
- Қаратпа сөз қатысқан сөйлемді табу.
- Мұхтар Әуезов бала күнінде қандай болған?
- Оны атасы мен әжесі қалай атаған?
- Қос сөздерді мәтіннен табу.
- Мұхтар Әуезовтің шығармаларын атау.
- Мұхтар Әуезов қандай ойынды жақсы көрген?
- Мұхтарға мінездеме беру.
Мұхтарға көзқарас (болжам)
- Мінезі жұмсақ
- Өте ұқыпты
- Жазуға сауатты, зерек
- Ұлы жазушы болуға талпынысы айқын
Қорытынды бөлім
Рефлексия
- М. Әуезов кім?
- Мен Мұхтар Әуезов туралы не білдім?
- Мәтіндегі ауыз әдебиеті туралы ойды қалай түсінемін?
Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.