Қыр әніне зәрумін, Қызықтырар жыр мені


Қадыр Мырза Әли

Суға барған сұлулар
Бойжеткендер,
Балдыздар
Бір кездегі аңыздай.
Су тасиды бал қыздар
Бір тамшысын тамызбай.
Қыр әніне зәрумін,
Қызықтырар жыр мені.
Иінағашты арудың
Білінбейді жүргені.
Жолыққанда ақ маңдай,
Жігіт қандай күй кешкен!
Шөлдеп бара жатқандай,
Су сұрайды бикештен!


Ұқсас жұмыстар
ҚАЛҚАМАНҰЛЫ БҰҚАР ЖЫРАУ
ҚЫРБАСҰЛЫ ЖАУҒАШ
Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері
Қазіргі уақытта қалыпты температурада тұтқырлығы жоғары мүнайларды, немесе парафин мөлшері
Менің Отаным – Қазақстан
8 қыркүйек бейбітшілік күні
Қазақстан жер қыртысы ресурстары оны пайдалану және қорғау
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ туралы
ЖЫРЫН ТЫҢДА ДУЛАТТЫҢ
Міндеттеменің субъектілері, олардың құқықтары мен міндеттері. Мұра. туралы