Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс - шара Аялы алақан орталығының тіл дамыту маманыТақырыбы
Музыкалық іс-шара жоспары
Балаларды қорғау күніне арналған әдеби-музыкалық монтаж
Іс-шараны ұйымдастырушы: «Аялы алақан» орталығының тіл дамыту маманы
Кіріспе сөз
Жүргізуші:
Армысыңдар, балалар, бармысыңдар!
Жаз да келді, жайнаған гүлді қырлар.
Алдыменен амандасып алайық,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар, ата-аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген — бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын.
Сүйкімді періштелер — сендерсің,
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
1 маусым — 1950 жылдан бері Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып келеді. Бүгін біз осы мерекені бірге атап өтеміз.
Қонақтар мен құттықтау
Аталған мерекемен құттықтай келген құрметті қонақтармен таныстырайық:
-
Жезқазған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
Мырзаханов Бағлан Мырзаханович
Музыкалық номер
«Ертегілер әлемінде» әнін орындайтын — Айгүл.
Сайқымазақтардың келуі
Сайқымазақтар:
Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар?
Бізге неге айтпадыңдар?
Бізсіз ешқандай мереке болмайды!
Жүргізуші:
Тоқтаңдар! Сендер кімсіңдер өзі, мерекемізді бұзатын?
Бүгін — үлкен мереке. Біз оны бірге тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды!
Егер бізбен бірге тойлаймын десеңдер, онда тәртіп сақтаңдар.
Балалар, сайқымазақтарды қалдырамыз ба? Қалдырамыз!
Балалардың өнері
Жүргізуші:
Ақылды балапан — бүгінгі,
Көркейтеді ертеңгі күніңді.
Үйренген өнерін көрсетсін,
Белсенді бүлдіршін — бәріңді!
Ендігі кезекті орталықтың бүлдіршіндеріне берейік.
Тақпақтар
Ақсұлтан
Бала, бала — баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
Дильназ
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзді тыңдаймын,
Апашымды сыйлаймын.
Каусар
Көжегім, тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Фариза
Алма сыйлап бөбекке,
Алма ағаштар сарғайған.
Төгілген тер шелектеп,
Көрінеді маңдайдан.
Жүргізуші:
Иә, рас — бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезді еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де!
Ата-аналармен ойын
Құрметті ата-аналар, балалық шағымызды еске ала отырып, сайқымазақтар ала келген ойынға қатысайық.
Ойын: «Тиын тастамақ»
Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, балаларыңызды таныстырасыздар.
Нәтиже: ата-аналар бір сәтке бала болып, өткенге көз жүгіртіп, балалықтың шуағын қайта сезінеді.
Би
«Айгөлек»
Тілек пен қорытынды
Жүргізуші:
Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты.
«Тұра қойшы, күнім», — деп,
Анаң сені оятты.
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі —
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Ән
«Бала тілегі» әнін орындайтын — Айгүл.
Осымен «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Баршаңызға шаттық, денсаулық және бала күлкісіне толы күндер тілейміз!
Ескерту: Мәтін редакциялық өңдеуден өтіп, емле мен тыныс белгілері түзетілді, мазмұны сақталды.