Жолақшаның бестен бір бөлігін бояп, сол бөліктің ұзындығын өлше
Сабақтың тақырыбы
Санның бөлігі (үлесі)
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап
Көрнекілік
Интерактивті тақта
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтау, санның бөлігі (үлесі) ұғымының қалай пайда болатынын және қалай аталатынын таныстыру.
Дамытушылық
Логикалық ойлау мен есептеу қабілеттерін дамыту; тиянақты жауап беруге дағдыландыру; қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау; шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелік
Тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорытындылай білуге тәрбиелеу; ізденіске, өзін-өзі басқаруға, ұжымшылдық пен белсенділікке баулу; жауапкершілікті сезінуге үйрету.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын тексеру: «Құпия сан»
Оқушылар үй тапсырмасын оқиды, «құпия сандар» бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар
- 15 пен 15-тің көбейтіндісі нешеге тең?
- Мен бір сан ойладым. Оған 27-нің үштен бір бөлігін қосқанда, 30 шықты. Ойлаған санды тап.
- Тік төртбұрыштың периметрін қалай табасың?
- «Ширек» деген не?
3) Жаңа сабақ
Көрнекілік бойынша талдау
- Дөңгелек неше тең бөлікке бөлінген?
- Дөңгелектің қандай бөлігі боялған?
- Жолақша неше тең бөлікке бөлінген?
- Жолақшаның қандай бөлігі боялған?
Дәптермен жұмыс
- Математикалық диктант.
- Тапсырмалар топ бойынша орындалады.
Топтық тапсырмалар (2 тапсырма)
1-топ
Ұзындығы 1 дм жолақша сыз. Жолақшаның бестен бір бөлігін бояп, сол бөліктің ұзындығын өлше.
2-топ
Ұзындығы 5 см, ені 1 см болатын тік төртбұрыш сыз. Тік төртбұрыштың бестен бір бөлігін боя.
3-топ
Кесіндінің бестен бір бөлігінің ұзындығы 2 см. Сол кесіндіні сыз.
«Кім зерек?» — ой дамыту бөлімі
Оқушылар топпен жарыса отырып сұрақтарға жауап береді.
1-топ сұрақтары
- 1 сағаттың жартысында неше минут бар?
- 1 сағаттың үштен бір бөлігінде ше?
- 1 сағаттың алтыдан бір бөлігінде ше?
- 1 метрдің жартысында неше см бар?
- 1 метрдің бестен бір бөлігінде ше?
- 1 центнердің жартысында неше кг бар?
- 1 центнердің бестен бір бөлігінде ше?
2-топ сұрақтары
- Жылдың үштен бір бөлігі қанша?
- Тәуліктің үштен бір бөлігі қанша?
- Ұзындығы 15 см кесіндінің бестен бір бөлігі неше см?
- Динаның жасының үштен бір бөлігі неше жаста, егер Дина 9 жаста болса?
- Қарбыз массасының үштен бір бөлігі неше кг, егер массасы 12 кг болса?
- 35 пен 35-тің көбейтіндісі нешеге тең?
- 65 пен 65-тің көбейтіндісі нешеге тең?
3-топ сұрақтары
- 12 санының жартысы нешеге тең?
- 9 санының үштен бір бөлігі неше?
- 30 санының бестен бір бөлігі неше?
- 4 санының төрттен бір бөлігі неше?
- 8 санының төрттен бір бөлігі неше?
- 12 санының төрттен бір бөлігі неше?
- 16 санының төрттен бір бөлігі неше?
- 24 санының төрттен бір бөлігі неше?
- 28 санының төрттен бір бөлігі неше?
- 32 санының төрттен бір бөлігі неше?
Сергіту сәті
Логикалық есеп: 5 санын үш рет пайдаланып, 30 санын шығару.
Оқулықпен жұмыс
1-топ
8-тапсырма
2-топ
9-тапсырма
3-топ
10-тапсырма
11-тапсырма: тақтамен жұмыс
Әр топтан бір оқушы шығып орындайды.
- 310 және 90 сандарының қосындысынан 120-ны азайт.
- 900-ден 540 және 150 сандарының айырмасын азайт.
- 180 және 90 сандарының айырмасына 70-ті қос.
13-тапсырма
Периметрлер
Салыстыру
Периметрлер айырмасы: 14 см.
14-тапсырма: өзіндік жұмыс
Әр топтан оқушылар шығып, қалдықпен бөлуді орындайды және бірін-бірі тексереді.
15-тапсырма: мағынаны ашу
Фигураның қандай бөлігі боялғанын анықта.
Қорытынды бөлім
Жасырынған сөйлемді тап
Берілген өрнектерді орындап, жасырынған сөйлемді анықта.
- 18-дің жартысы
- 8-дің төрттен бір бөлігі
- 18-дің үштен бір бөлігі
- 300-дің жүзден бір бөлігі
Тарихи дерек (байланыстыру)
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды.
1992 жылы 4 маусымда ҚР Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілді.
Үй тапсырмасы
№13, №16 — 106-бет.
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.