Көбелектер тобына қағаздың қасиеттер туралы айту
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Сабақтың мақсаты
Қағаздан бұйымдар жасау туралы түсінік беру және қағаз пластикасымен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін таныстыру.
Білімділік
Оқушылардың бұрыннан алған білім, білік және дағдыларына сүйене отырып, қағаз пластикасымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық
Логикалық ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық шеберлігін қалыптастыру.
Тәрбиелік
Адам мен тірі табиғат арасындағы байланысты түсіндіре отырып, қоршаған ортаны қорғауға, әсемдікті сезіне білуге және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ форматы
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың әдістері
- Түсіндіру, ой қозғау, сарамандық жұмыс
- Пән аралық байланыс
- Еңбек, дүниетану, тіл сабағы
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Сабаққа қажетті құралдарын дайындау.
- Психологиялық дайындық.
Топтық сергіту өлеңдері
«Қызғалдақтар» тобы
Келіпті көктем, Көрікті неткен! Қызғалдақ гүлдеп, Күн нұрын төккен.
«Көбелектер» тобы
Іздеп-іздеп не керек, Таптым бір гүл керемет. Гүл дегенім, бірақ та, Болып шықты көбелек.
«Құстар» тобы
Дала гүлге бөленді, Қуанышқа кенелді. Орман, тоғай, бақтарда Құстар сайрай жөнелді.
Жаңа сабаққа кіріспе: ой қозғау
Жұмбақ
Аппақ ұлпа бетіне, Әсем бейне саламыз. Сөз, сөйлемді, мәтінді, Қаламмен көркем жазамыз.
Бейнесөз (слайд)
Слайд арқылы бейнесөз шешіледі. Оқушылар шыққан сөзді айтады. Осыдан кейін сабақтың тақырыбы анықталады: қағаздан бұйымдар жасау.
«Кубизм» әдісімен ауызша сұрау
«Қызғалдақтар» тобы
Қағаздың шығу тарихы туралы әңгімелеу.
«Көбелектер» тобы
Қағаздың қасиеттерін сипаттау.
«Құстар» тобы
Қағаздың күнделікті өмірдегі қажеттілігін түсіндіру.
Кіріспе: қағаз пластикасы және оригами
Қағаз тек кітап шығаруға ғана қолданылмайды. Ұлы суретшілер оны сурет салуға пайдаланып, кейіннен суретші-конструкторлар мен дизайнерлер қағаздан әсем заттар мен бұйымдар жасаудың сан түрлі жолын ойлап тапты.
Қағаз пластикасы ең кең танылған бағыттардың бірі ретінде Жапонияда дамыды. Бұл өнер түрі оригами деп аталады.
Негізгі дағдылар
- Қағазды дұрыс бүктеу, қаттау және ию тәсілдерін меңгеру.
- Жұмысқа қолайлы түрлі түсті қағаздарды тиімді пайдалану.
- Күрделі үлгілерде қайталанатын бүктемелер мен орамдарды шатастырмай орындау.
Ұқыптылық ережесі
Жұмыс барысында шатаспау үшін бүктелетін орындарды және қағаз орамдарын алдын ала белгілеп отырған дұрыс. Қажет болса, қарындашпен үзік сызық арқылы белгілеу ұсынылады.
Көлемді бұйымдардың ерекшелігі
Бұйымның көлемдік құрылымына қарай қағаз кейде ішке қарай, кейде кері бағытта бүктеледі. Кей үлгілерде орам бірнеше рет қайталануы мүмкін.
Қағаздан бұйым жасауды сендер 1-сыныптан бастап үйреніп келесіңдер: қарапайым жәндіктер мен құстардың бейнесін жасадыңдар. Енді сол дағдыларды күрделірек үлгілерде қолданамыз.
Сұрақ-жауап: көктем тақырыбы
Сұрақ: Қазір қай мезгіл?
Сұрақ: Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
(Жауаптарды тыңдап болған соң, тақырыпқа сәйкес сурет ілінеді.)
Сарамандық жұмыс
Орындау барысы
- Слайд арқылы көрсету және мұғалімнің түсіндіруі.
- Оқушылардың өздігінен орындауы.
- Дайын жұмыстарды сыныпта көрсету, суретке ілу және қорғау.
Шығармашылық тапсырма
«Көктем көрінісін» сипаттайтын өлең жолдарын толықтыр:
........................................................... көңілді,
........................................................... төгілді.
........................................................... ашылып,
........................................................... көрінді.
Бағалау және қорытынды
Бағалау
Өзін-өзі бағалау: оқушы өз жұмысының ұқыптылығын, нұсқаулықты сақтауын және шығармашылық шешімін талдайды.
Қорытынды
Сабақ соңында орындалған жұмыстар таныстырылып, негізгі тәсілдер қысқаша қайталанады.
Тыңдағандарыңызға рахмет!