Жоғарыда көрсетілген құрам бойынша қамыр дайындау қажет
Дәмді пицца (ашытылған қамырмен)
Бұл пицца ашытылған қамырдан дайындалады, сондықтан уақыт сәл көбірек қажет. Бірақ нәтижесі — жұмсақ, хош иісті әрі дәмді.
Қамырға қажет
- Ұн — 2 стакан (200 г стакан)
- Су — 1 стакан (200 г стакан)
- Тұз — 1 шай қасық
- Қант — 1,5 шай қасық
- Ашытқы — 9 г (шамамен 1 шай қасық)
- Сұйық май — 2 ас қасық
Үстіне (салма)
- Шұжықша (сосиска) — 2 дана
- Саңырауқұлақ — 2 дана
- Қызанақ — 1 дана
- Ірімшік — 200 г
- Томат пастасы — 1 ас қасық
Дайындау тәсілі
- 1 Қамырды жоғарыдағы құрам бойынша илеңіз. Көтерілуі үшін 30–40 минут жылы жерге қойыңыз.
- 2 Қамыр көтерілген соң жұқалап жайып, табаға немесе пісіру табасына салыңыз.
- 3 Бетіне томат пастасын жұқалап жағыңыз.
- 4 Ірімшіктің жартысын үккіштен өткізіп себіңіз.
- 5 Туралған шұжықшаны салыңыз, үстіне саңырауқұлақ пен қызанақты қосыңыз.
- 6 Соңынан қалған ірімшікті үккіштен өткізіп үстіне себіңіз.
- 7 Алдын ала 200°C-қа қыздырылған пеште 10–15 минут пісіріңіз.
Кеңес: Ірімшікті екі кезеңмен себу — пиццаның бетін әдемі қылып, дәмін қанықтырады.
Тез дайындалатын пицца (табада)
Пешсіз-ақ, табада тез әзірленетін нұсқа. Үйде уақыт аз болғанда өте қолайлы.
Құрамы
- Нан (батон) — 200 г
- Пісірілген шұжық — 200 г
- Қызанақ — 1 дана
- Ірімшік — 120 г
- Жұмыртқа — 6 дана
- Сұйық май — 5 ас қасық
- Тұз, бұрыш, көк — дәміне қарай
Жылдам дайындау
- 1 Нан, шұжық және қызанақты ірі төртбұрыштап тураңыз.
- 2 Табаға май құйып қыздырыңыз. Шұжықты салып, 2–3 минут қуырыңыз.
- 3 Нанды қосып, аздап қуырыңыз. Содан кейін қызанақты салып, тағы 2 минут қуырыңыз.
- 4 Үстінен жұмыртқаны құйып, қақпағын жауып, жай отта 5–6 минут пісіріңіз.
- 5 5 минуттан соң үгітілген ірімшікті үстіне себіп, тағы 2 минутқа қалдырыңыз.
- 6 Дайын болғанда үстіне аскөк сеуіп, жылы күйінде ұсыныңыз.
Ұсыну
Пицца дайын. Асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Жайна