Өзіңді айыптама, жамандама

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама.
Өзіңді айыптама, жамандама.
Жүрегің мен деп соқса,
басу үшін
бәрін де маған жама.
Мен соның барлығын да көтеремін.
Сені әзір аймаласын бөтен ерін,
бәрібір саған титтей тыным бермей,
ішіңді күйдіреді от өлеңім.
Сен мені басқаларға қорлап ем де,
тыншырмын көңіл қалып сонда мен де.
Мені ойлап жараланған жүрегіңді,
білсең де жазылмасын, зорлап емде!
Өзіңді, өзгені де алда солай
(көмілсін менде ертерек шаңға самай),
қаншама жанталасып тырысқанмен,
жүрегің мені аңсаудан қан - жосадай.
Мен жайлы мүңайма сен дара қалып
(әлі ұзақ қайғы болам саған анық!).
Ұқ бірақ: бірімізге атқан оқтан
қаламыз екеуіміз де жараланып.

Өмірдің желе - жортағы
Өмірдің желе - жортағы
толтырып шаңмен қолқаны,
тілдегенменен ортаны,
адамның бәрі өлердей
жалғыз қалудан қорқады.
Тұрса да мәңгі шам жанып,
самайы терлеп, сандалып,
біреуді іздейді қарманып,
жалғыз қалғанда
сөнердей
дүниедегі бар жарық.
Жалғыздық бейне жаман бай,
қамшымен қақтап сабардай,
мысық пен итке адам бай,
жабырқау жалғыздығыңнан
құтқарып солар қалардай.
Талпындың, адам, қашанда
көппенен ғұмыр жасарға,
қаншама тыпырласаң да,
қолында қатқыл құрығы
серігің тұрар тасаңда.
Жан - жағың толы жас бала,
жақының, жарың, жақсы аға,
кенде еместейсің досқа да,
бәрібір, адам, құлсың сен
жалғыздық атты патшаға!



Ұқсас жұмыстар

Қазақ ақындары мен шешендерінің алғашқы ұстаздары
Түркі тектес халықтардың аңыздарындағы Асан Қайғы бейнесі
Ежелгі аңыздар немесе қазақ халқының әлемдік өркениетпен жапсарласатын тұсы
Тыйым сөздер
Шешендік арнау сөздер
Фразеологизмдер туралы түсінік
Дулат Бабатайұлының Еспембет дастаны
ЖАЛПЫ МАҚАЛ - МӘТЕЛ ТУРАЛЫ
Ел арасына кең тараған ән, толғаулар,өлең шумақтарындағы кешірім өтінген жолдарды еске түсіріп, жазу
Монолог және оның түрлері, функционалдық, стилистикалық қызметі
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді экономикалық ынталандыру «Каменка» асыл-тұқымды мал зауыты
Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Өзіндік бақылауға бейімдеу шарттары
Жеке адамның дамуындағы өзіндік белсенділіктің маңызы
Студенттердің өзіндік жұмысының мақсаты мен міндеттері
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Өзіндік талдау
Магистранттың өзiндiк жұмысы
Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық
Бақыт қой, оянғаның көзіңді ашып