Лепті сөйлемді көшіріп жаз
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Лепті сөйлем
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Ойын сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Топтастыру
- Венн диаграммасы
- Ойын элементтері
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Сызбалар
- Медаль суреттері
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Лепті сөйлем туралы түсінік қалыптастыру.
- Сөйлем түрлерін ажырата білу.
- Хабарлы сөйлемді лепті сөйлемге айналдыру.
- Лепті сөйлемдердің түрлі көңіл күймен айтылатынын ұғындыру.
Дамытушылық
- Көркем жазу дағдыларын дамыту.
- Байланыстырып сөйлеу мен жазуды жетілдіру.
- Тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйрету.
Тәрбиелік
- Жарасымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
- Еңбексүйгіштік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу.
- Спортқа қызығушылық пен сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Сақтайық қане, тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
Ойлан, ойлан және ойлан,
Есесіне бар сыйлық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
3-жаттығу (99-бет): хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жазу.
Венн диаграммасы арқылы хабарлы және сұраулы сөйлемдерді салыстыру.
III. Жаңа сабақ
Суретпен жұмыс (1-жаттығу)
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Тірек сөздер
гол, доп, қақпашы, футболшы, жанкүйерлер
- Суреттен қандай ойын түрін көріп отырсыңдар?
- Футбол ойынын ойнаушыларды қалай атаймыз?
- Қақпада тұратын ойыншы қалай аталады?
- Ойыншыларды қолдап отыратын көрермендерді қалай атаймыз?
Оқушылар тірек сөздерді қолданып, әңгіме құрастырады (әр қатардан бір оқушы).
Спорттың пайдасы
Топтастыру әдісі арқылы спорттың пайдасын атап өтеді:
Ойды аяқтау: «Спортшылар біздің еліміздің даңқын шығарады…»
Сұрақ: Спортшылар еліміздің даңқын қалай шығарады?
Лондон Олимпиадасы (2012)
2012 жылғы 27 шілде мен 12 тамыз аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондонда ХХХ жазғы Олимпиада ойындары өтті. Қазақстан спортшылары қатысып, қорытындысында 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль иеленді.
Сұрақ: Жеңімпаздарымызды атай аламыз ба? (Слайд арқылы көрсетіледі.)
Көңіл күйді білдіретін сөйлемдер
Осындай жетістікке жеткенімізге халық қатты қуанды. Сезімді қалай жеткізуге болады?
Алға, Қазақстан!
Алақай, біздің Илья Ильин жеңіске жетті!
Қандай мықты жігіт!
Міне, нағыз жігіт!
Талқылау: Бұл сөйлемдерден нені байқаймыз? Олар қалай оқылады? Соңында қандай тыныс белгісі қойылған?
Ереже
Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді: бұйыру, таңдану, өтіну, қуану, тілек, ұран.
Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады.
Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.
Оқулықпен жұмыс: «Кел, хоккей ойнайық!»
Шарты: шайбадағы әр тапсырманы дұрыс орындасақ, қақпаға гол саламыз.
285-жаттығу: өлеңді түсініп оқу.
Білім терең теңіз бе,
Білім, еңбек егіз бе?
– Рухани азығым –
Осы екеуі деңіз де, –
Дейді атам, – Білімді еңбекпенен ізде сен!
Е. Шайхыұлы
- Өлеңнен сұраулы сөйлемдерді тауып, оқы.
- Өлеңнен леп белгісі бар сөйлемді тап.
- Осы сөйлемді қандай дауыспен оқыдың?
Тапсырманы орындаған оқушыға деңгейіне қарай медаль беріледі.
Тақтамен жұмыс: «Эстафета» ойыны
Шарты: тақтаға шыққан оқушы өлеңді мәнерлеп оқып, тақтаға жазады. Лепті сөйлемдерді тауып оқып, сұрақтарға жауап береді.
Мәтін
Туған өлкем
Түлігі өскен алуан-алуан,
Төс алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Ө. Тұрманжанов
Сергіту сәті
Біз жазамыз, жазамыз,
Саусағымыз талғанша.
Біз жазамыз, жазамыз,
Бестік баға алғанша.
«Футбол» ойыны (4-жаттығу)
Шарты: әр доптағы тапсырманы орындау арқылы қақпаға доп соғылады (3 оқушы).
Тапсырма
- Сөйлемдерді салыстырып оқы.
- Қай сөйлем көтеріңкі дауыспен оқылады?
- Лепті сөйлемді көшіріп жаз.
Ауылдан әжем келді.
Алақай! Ауылдан әжем келді!
Ағаш жапырақтары әдемі болып сарғайды.
Жапырақтар қандай әдемі болып сарғайған!
Орман іші тып-тыныш.
Орман іші сондай тып-тыныш!
IV. Бекіту
Төмендегі сұрақтарға жауап бер.
1) Сөйлем дегеніміз не?
- A) Сөздерден құралады.
- Ә) Тиянақты ойды білдіреді.
- Б) Заттың қимылын білдіреді.
2) Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
- A) 2
- Ә) 3
- Б) 4
3) Сұраулы сөйлем жасайтын «ма, ме, ба, бе, па, пе» шылаулары қалай жазылады?
- A) Бөлек
- Ә) Бірге
4) Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем қалай аталады?
- A) Сұраулы сөйлем
- Ә) Лепті сөйлем
- Б) Хабарлы сөйлем
5) Лепті сөйлем дегеніміз не?
- A) Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем.
- Ә) Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлем.
- Б) Жауап алу мақсатында айтылған сөйлем.
Жауап кілті
1 — Ә, 2 — Ә, 3 — A, 4 — Б, 5 — A
V. Бағалау
Оқушылар алған медальдарына қарай бағаланады.
«5» алған оқушылардың ата-аналарына қуанышты хабарлама жіберіледі.
VI. Үй тапсырмасы
5-жаттығу (102-бет): сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз.