Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында Айгөлек бала - бақшасының тәрбиешісіАлипкалиева Тажигуль ИбраевнаАрмысың, әз Наурыз

Армысың, әз Наурыз!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданындағы «Айгөлек» бала-бақшасында мерекелік көңіл күй орнады. Зал Наурыз мейрамына сай безендіріліп, балалар әсем музыка ырғағымен салтанатты түрде кіріп келді.

Тәрбиеші: Алипкалиева Тажигүл Ибраевна

Жүргізушінің құттықтауы

Құрметті қонақтар, әріптестер! Қош келіпсіздер! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурызбенен ұласып көктем жеткен,

Үлкен-кіші көңілін көкке өрлеткен.

Жан-жануар, табиғатты түрлетіп,

Ескі жылмен реніш, өкпе кеткен!

Жаңа жыл тек жақсылық ала келсін: төрт түлік төлдеп, ақ молайсын, егін ырғын өсіп, ел тоқ болсын!

Көрініс: Наурыз, Күн және Түн

Наурыз

Жайнатамын бар гүлді,

Сайратамын бұлбұлды.

Төгілтіп ән-күй, жырды,

Мейрамдайық бұл күнді.

Тіршіліктің бастауы – Наурыз айы, мен болам.

Күн

Сәулесі мол күнмін.

Түн

Жұлдызы мол түнмін.

Күн мен Түн

Ұзақтығы бірдей болып, осы күні теңелеміз.

Жүргізуші

Ал, балалар! Жарыса билеп, ән салып, ойын ойнап, тақпақ айтып, өнерімізді ортаға салайық!

Балалардың тақпақтары

Есет

Наурызды халқымыз

Жыл басы деп санайды.

Көнермеген салтымыз

Көп елдерге тарайды.

Нұрай

Наурыз, Наурыз – ұлы той,

Жыл жаңару салты ғой.

Ұлы қазақ мәз-мейрам,

Құшақ жая қауышқан.

Әз Наурызым, армысың!

Жаңа жылдың жаршысы.

Есқара

Наурыз келді далама,

Шат-шадыман жайқала.

Құстар сайрап бақшада,

Ақ мол болсын береке.

Қазақ төрі – мереке.

Жүргізуші

Наурыз, Наурыз – жыл басы,

Наурыз – бақыт жыл басы.

Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа.

Келесі кезекте Валерий, Нұрай, Мырзабай Нұрлыбек, Мұқан Алтынайдың орындауындағы «Жау, жау жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар.

Наурызға арналған жыр шумақтары

Бибімариям

Бар алашты баураған

Алтын қақпа – ақ ордам.

Әз Наурызым, қош келдің!

Төрлет, төрле, құт қадам!

Алтынай

Салт-дәстүрі қазақтың – алтын бесік,

Мұхиттай кең дария, белес асып.

Сұлуға көрік берер жақұт-гауһар,

Аламан, алтыбақан, көкпар тартып.