Темір және оның қасиеті

9-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Темір және оның қасиеттері

Пәні: химия • Сабақ түрі: біріккен (ізденіс сабағы)

Жалпы мақсат

Оқушылардың қазақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан темір туралы білімін (қасиеттері, тарихы, кездесетін жерлері) нығайту. Қолданыстағы заттардың пайдасын және қоғамдағы рөлін тереңірек зерттеуге, шығармашылыққа және ой толғауға бағыттау.

Күтілетін нәтижелер

Сабақ соңында оқушылар:

  • Темірге сипаттама беріп, оның жер қыртысында кездесетін маңызды металл екенін дәлелдей алады.

  • Темірге қатысты қызықты деректермен және «тылсым құпияларымен» таныса алады.

  • Темірдің биохимиялық рөлі туралы білімін кеңейтеді.

  • Топтық жұмыс арқылы темірдің қасиеттерін жүйелеп, талдап қорытынды жасайды.

  • Шығармашылық тапсырмаларда белсенділік танытып, өз ойын дәлелді түрде жеткізеді.

Тапсырмалар

01

Тест тапсырмалары

02

Топтық жұмыс

03

Есептер мен жаттығулар

04

Видеокөрініс арқылы талқылау

Сабақтың негізгі идеясы

Темір — табиғатта кең таралған әрі адам өмірімен тығыз байланысты металл. Сабақ барысында оқушылар темірдің қасиеттерін тәжірибе, талдау және пікірталас арқылы нақтылап, оның тұрмыстағы, өндірістегі және биологиялық жүйелердегі маңызын түсінеді.

Ерекше назар: күнделікті қолданыстағы темір бұйымдарының пайдалы қырларын анықтау және олардың қоғамдағы рөлін бағалау.

Сабақ барысы

Кіріспе

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа даярлығын қадағалау.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау.
  • Activboard негізінде тест арқылы үй тапсырмасын тексеру.
  • Қосымша сұрақтар арқылы үй тапсырмасын нақтылау.
  • Оқушыларды топқа бөлу.

Тұсаукесер

Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыратын бағыттаушы сұрақтар қойып, оқушыларды ойландыру арқылы жаңа сабаққа көшу.

Әдіс: сұрақ-жауап, қысқа талқылау, болжам жасау.

Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты оқушылардың өздігінен меңгеруі үшін топтарға нақты тапсырмалар беріледі. Әр топ темірдің қасиеттерін зерттеп, деректерді жүйелейді және қорытынды ұсынады.

Қорытынды

Жеке оқушыларға есептер мен жаттығулар беріледі.

Темірдің адам өміріндегі рөлі туралы бейнеролик қаралып, талқыланады.

Автор туралы мәлімет

Мекеме

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені

Мұғалім

Химия пәні мұғалімі
Хайрекеева Гульнафиса Қанатқызы