Дүниетану пәнінен өткізген алғашқы сабағымның тақырыбы

Сын тұрғысынан ойлау: мәні мен мақсаты

Сын тұрғысынан ойлау — бақылау, тәжірибе, ойлау және талқылау нәтижесінде алынған ақпаратты ой елегінен өткізуге, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған саналы үдеріс. Мұндай ойлау алдағы әрекетке негіз бола алады.

Ол көбіне қарсы пікір айту ғана емес: баламалы шешімдерді қабылдауға дайын болу, ойлау мен іс-әрекетке жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізу, ұйымдасқан қоғамдық әрекетке қатысу және өзгелерді де сыни ойлауға баулу дегенді білдіреді (Нұсқаулық, 49-бет).

Анықтама

Сыни тұрғыдан ойлау — алынған білімге сын көзбен қарау, іздену, ақиқатын дәлелдеу және білімді саналы түрде меңгеру.

Технологияның тиімділігі

Бұл технология оқушының құзыреттілігін арттырып қана қоймай, тұлғалық және әлеуметтік дағдылардың дамуына да ықпал етеді. Төмендегі нәтижелер айқын көрінеді:

  • 1) Тұлғалық даму

    Жеке тұлғаның жетілуі мен дамуына бағытталады.

  • 2) Ынтымақтастық байланыс

    Мұғалім мен оқушылар арасында сапалы қарым-қатынас орнайды.

  • 3) Өзіндік білім алу

    Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.

  • 4) Сапалы меңгеру

    Алған білімге сын көзбен қарап, білімді сапалы түрде алады.

  • 5) Ашық пікір

    Ойын еркін айтып, пікір алмасуға үйренеді.

  • 6) Өзара сыйластық

    Бірін-бірі сыйлауға және ынтымақтастыққа тәрбиеленеді.

  • 7) Негізгі түйінді табу

    Мәселенің ең негізгі өзегін анықтауға дағдыланады.

  • 8) Шығармашылық белсенділік

    Оқушының шығармашылық белсенділігі артады.

Сыни ойлайтын оқушының белгілері

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді келеді: олар сұрақ қояды, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады. Сонымен бірге ауызша, жазбаша және көрнекі талдау арқылы дәлелге сүйеніп, болашаққа бейімделуге ықпал ететін дағдыларды қалыптастырады.

Сұрақ қою

Неліктен? Қалай? Қандай дәлел бар?

Дәлелді талдау

Факт пен пікірді ажыратып, негіздеме іздеу.

Стратегия қолдану

Мағына ашуға бағытталған жоспарлы әрекет.

Сабақтағы қолдану: әдістер мен стратегиялар

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту — сабақтағы аса маңызды әрекеттердің бірі. Тізбектелген сабақтар топтамасын құрастыру барысында сыни ойлауға үйрету негізгі модуль ретінде алынып, әртүрлі тәсілдер арқылы іске асты.

Қолданылған әдістер

ЖИГСО Топтастыру Венн диаграммасы Сэнквейн Идея туралы ойлар Бағдаршам Көршіңе әңгімелеп бер Басбармақ Ойлан, бірік, бөліс

Осы стратегияларды жүйелі қолдану білім деңгейі мен ойлау дағдысы жоғары, жан-жақты дамыған оқушыны қалыптастыруға мүмкіндік береді деп есептеймін.

Іс-тәжірибе: 3-сыныптағы жұмыс

Сыни тұрғыдан ойлау модулін мектептегі іс-тәжірибемде кеңінен қолдандым. Тәжірибені өзім жетекшілік ететін 3-сыныпта өткіздім: сыныпта 13 ұл және 13 қыз, барлығы 26 оқушы.

Бірінші сабақтағы бастама

Оқушылар «Мен сізді таныстырғым келеді» ойыны арқылы бір-бірін таныстырып, өздерін жаңа қырынан танып, көрсете алды.

Қолдау және бақылау

Белсенділігі төмен, өзіне сенімсіз оқушыларды назардан тыс қалдырмай, үнемі бақылауда ұстауға және қолдауға тырыстым.

Алғашқы сабақ: «Қазақстан — егемен ел»

Мақсаты

  • Оқушылардың тәуелсіз Қазақстан туралы білімін кеңейту.
  • Қазақстан картасымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғалар туралы білім беру.
  • Жерді, елді сүю арқылы оның құндылығын түсінуге, егемендікті қадірлеуге, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу.