Біздер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарымыз

Тақырыбы: Н. Ә. Назарбаев — сенімнің шырқау биігі

Бұл мәтін — Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағатының әдеби-сазды бағдарламасы. Мұнда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, мемлекеттік қызмет кезеңдері, сондай-ақ Отанға адалдық, бірлік пен жауапкершілік құндылықтары көркем сөз, ән және бейнематериалдар арқылы таныстырылады.

Мақсаты

Еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев туралы кең түсінік беру; балалық шағына тоқталып, әр жылдардағы өмір жолын баяндау.

Дамытушылығы

Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту; өз ойларын дұрыс жеткізуге, мәнерлеп оқуға ынталандыру.

Тәрбиелілігі

Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу; президент өмірін өнеге ету.

Көрнекілігі

  • «Н. Ә. Назарбаев — сенімнің шырқау биігі» тақырыбындағы слайдтар, суреттер, жазулар
  • Әнұран, «Балалық шағымның аспаны», «Көк тудың желбірегені», «Қарт сөзі» бейнебаяндары
  • Теледидар, мультимедиялық проектор

Барысы

  1. I Кіріспе бөлім. Сынып жетекшісі Қасиет Байдашқызының әңгімелеуі.
  2. II Әдеби-сазды бағдарлама.
  3. III Қорытынды сөз. Қасиет Байдашқызы.

Кіріспе сөздер

Қарақат

Қымбатты ұстаздар, ата-аналар! Бәрімізге белгілі, биылдан бастап 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні болып белгіленді. Қазақстан халқы бұл мерекені атап өтуде. Біз де бүгін осы мерекеге орай «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — сенімнің шырқау биігі» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Назерке

Біз — тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарыбыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуді, сүюді, қорғауды ұмытпайық.

Отан — жерім, Отан — суым,
Отан қуат, нәр береді...
Отан — ұран, Отан — туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Қарақат

Қазақстан, Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы алғаш көріп қуанғам.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Рәміздер туралы көркем сөз

Әйгерім

Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл — таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Зүльфия

Бейнелеп сан ғасырды — елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі — киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты, құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты, шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да, өркениет өрінде,
Нұр төгеді елтаңба Ақорданың төрінде.

Алтынай мен Аружан

Қазақ биі орындалады.

Гүлдана

Айнымайды аспаннан
Біздің тудың болуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.

«Көк тудың желбірегені» бейнебаяны көрсетіледі.

Елбасына арналған ой-толғау

Досжан

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Шықты тарап ой-данадан, бері қарап жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған — елімнің бар Президенті.

Өмірбаян және білім жолы

Аяулым

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келді.
  • 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді.
  • Экономика ғылымдарының докторы.
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры.
  • Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі.
  • М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

«Балалық шағымның аспаны» бейнебаяны көрсетіледі.

Қызмет жолының негізгі кезеңдері

Асанәлі

1960–1969 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

Ақнұр

1969–1973 жж. — Қарағанды облысы, Теміртау қаласында партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызмет атқарды.

Досжан

1973–1977 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

Аружан

1977–1979 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы.

Перизат

1979–1984 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

Дильназ

1984–1989 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

Нұрай

1989–1991 жж. — Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы.

Асылжан

1990 ж. ақпан–сәуір — Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

Бекзат

1990 ж. сәуірінен бастап — Қазақ КСР Президенті.

Ұлжан

1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің тұңғыш жалпыхалықтық сайлауы өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

Алтынай

1995 жылғы 29 сәуірде өткен жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

Әліби

1999 жылғы 10 қаңтарда өткен жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Н. Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

Елдар

2005 жылғы 4 желтоқсанда сайлаушылардың 91,5% дауысын алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

Әнұран туралы түсіндірме

Қарақат

Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді. Елбасының ұсынысы бойынша:

  • Мәтінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты.
  • Еліміздің кең-байтақ жері — асыл мұра екені айқындалды.
  • Жер мен ел байлығы ұрпақ болашағына айқын жол ашатыны айтылды.
  • Ең бастысы — тәуелсіздіктің алтын діңгегі саналатын ел бірлігі ерекше атап көрсетілді.

Әлихан

Әнұраным — жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім — сағынарым,
Бақыт — бірлік, күн талабы.

Тоқтамайды даңғыл әні,
Мәңгі бақи шырқалады —
Республикам Әнұраны!

Жансая

Барша халық таныған
Біздің үміт-тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.

Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.

Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.

Әнұран бейнебаяны көрсетіледі. Оқушылар қосыла орындайды.

Қорытынды бөлім

Асанәлі

Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің — елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

«Атамекен» әні орындалады.