Саяхатқа шығар алдындағы көңіл - күйлерін көтеру

Мақсаты

Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Танымдық ойындар арқылы ойлау қабілетін жетілдіру, ой-өрісін кеңейту, тапқырлыққа, алғырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Білімге деген ынтасын арттыру және саяхатқа шығар алдындағы көңіл күйін көтеру.

Саяхаттың құрылымы

«Сандар әлемінде» біз бірнеше кедергіден өтуіміз керек. Ал саяхатқа немен барамыз? Әр аялдамада шағын тапсырмалар мен ойындар орындалып, балалардың зейіні, жылдамдығы және логикалық ойлауы дамытылады.

Психологиялық ойын: «Көңіл күй аялдамасы»

Саяхат басталар алдында балалардың эмоциялық күйін көтеру, бір-біріне қолдау көрсетуді қалыптастыру.

Дидактикалық ойын: «Сандарды өсу ретімен қосу»

Сандарды ретімен орналастырып, қарапайым қосу амалдарын орындау. Мақсат — жүйелеу дағдысын бекіту.

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»

Топ ішінде жылдам әрі нақты жауап беретін капитанды (команда жетекшісін) сайлау.

1-топ

Менің Ақтөс күшігім
Қуды көрші мысығын.
Көрші қуды Ақтөсті,
Сонда үлкен кім, кіші кім?

2-топ

Бұлбұл әсем жырлайды,
Ел-жұрт елтіп тыңдайды.
2-ге 2-ні қосқанда
Нешеу болып сайрайды?

Жаттығулар топтамасы

  • «Сана және жаз»: санды дұрыс айтып, жазып бекіту.
  • «Бос текшенің орнына санды қой»: тура және кері санау арқылы жетіспейтін сандарды табу.
  • «Жоғалған санды тап»: қатар мен үлгідегі заңдылықты анықтау.
  • «Жасырынған санды тап»: бақылау мен салыстыру арқылы шешім шығару.

Дидактикалық ойын: «Кім көп біледі?» (санамақтар сайысы)

Балалар сандарға байланысты сөз өрнектерін, ұйқас пен теңеулерді кезекпен жалғастырады.

10 — Отаным

6 — алтын күн төккен нұр

5 — бұлағым мөп-мөлдір

4 — туған ел дәулетті

3 — үйлерім сәулетті

2 — ата-анам еңбектер

1 — бақытты бөбектер

Аман болса осылар —
Жасыма жас қосылар.
Қадірменді дос ұғар,
Кезім болмас тосылар.

Теңеу-ұйқас тізбегі

1 — бүлдірген, безендір гүлменен

2 — емен, жылда өзім егем

3 — үйеңкі, халыққа көлеңке

4 — тораңғы, елемейді боранды

5 — бәйтерек, саясыз болса қай терек?

6 — арша, исіне жұпар қанса

7 — жыңғыл, қонақтамас бұлбұл

8 — сексеуіл, шөлге өседі ексе бұл

9 — тобылғы, қамшыма сап табылды

10 — орман, орманға бол қорған

Сиқырлы пішіндер

  • Шеңберлерді санау.
  • Суреттен қанша үшбұрыш бар екенін анықтау.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды қайта жинақтау.

Дидактикалық ойын: «Жаңылма» (жаңылтпаш)

1)

Іздеп ек біз 1 құр,
Қу екен құр-құрғұр.
Таптырмай қырдан құр,
Қайттық біз құрдан құр.

2)

9 ақ баспақ тана,
9 ақ баспақ тана ішінде —
жалғыз тарғыл тайпақ баспақ қана.

3)

Қаладан алғаным — 6 арба асқабақ.
6 арба асқабаққа жеккенім — 7 ала тарғыл баспақ.
Тайпақ мүйіз, ақ бөксе тайпақ баспақ.

Ой сергіту сайысы (сұрақ-жауап)

  1. Құста қанат, ал адамда не бар?
  2. Мысықта тұмсық, ал адамда ше?
  3. Бұзауда 4 аяқ, ал адамда қанша аяқ?
  4. Машинада мотор, ал адамда не бар?
  5. Өзіңді неден көре аласың?
  6. Сәрсенбінің алдындағы күнді ата.
  7. Қыс пен жаздың арасындағы жыл мезгілін ата.
  8. 1 қоян бір сан ойлады. Сол санға 1-ді қоссақ, 5 болады. Қоян қандай сан ойлады?

Дидактикалық ойын: «Мен айтамын, сен жалғастыр»

7 — рет өлшеп, 1 — рет кес.

Бесік баласы — 5 — түлейді.

Ер қаруы — 5 — қару.

Білгенің бір 9, білмегенің 99.

4 — түгел болса, төбедегі келеді.

Досыңды 3 күн сынама, 3 жыл сына.

2 — жақсы қас болмайды, 2 — жаман дос болмайды.

Қорытынды бөлім: «Сандар сыры» (айтыс)

Сабақ соңында балалар сандардың мағынасы мен ретін бекітіп, ойын түрінде қорытынды жасайды. «Сандар сыры» айтысы арқылы тапқырлық, тіл байлығы және сахналық мәдениет дамытылады.