Тәрбие сағатының өтілу барысы
Тәрбие сағатының тақырыбы
Елімнің бақытын тербеткен — Тәуелсіздік
Мақсаты
- Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз Отанын сүйетін азамат қалыптастыру.
- От жүректі, өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу.
- Тәуелсіздік мерекесінің маңызын оқушылардың бойына ұғындыру.
Негізгі ұғымдар
Бұл мәтін — тәрбие сағатының сценарийі: көрініс, музыкалық орындау, ақсақалдың тағылымды сөзі және оқушылардың өлеңдері қамтылған.
Тәрбие сағатының өтілу барысы
Мерекелік көрініс
- «Қазақ елі» ауылынан мерекелік көрініс.
- Ақерке, Айзада, Диас орындауында «Қос алқа» күйі.
- Ауылға келген қонақтарды қарсы алу.
Қонақ
Жақсылық
Қонақ
Санжар
Қонақ
Шыңғыс
Ауыл ақсақалының сөзі
Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Осы қуанышты бүкіл ел болып, ауыл-аймақ болып атап өтіп жатырмыз.
Балаларым, Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының жадында мәңгі сақталады. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жұртымызды бірлікке ұйыстырып, бір жұдырықтай жұмылдырды. Әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға түскен сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерлігі — ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
Осыдан 25 жыл бұрын Алматының алаңына қазақ жастары бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін жиналды, соңы көтеріліске ұласты. Міне, сол Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.
Желтоқсан көтерілісіне қатысып, тарихта аты қалған ер жүрек батырлар: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев. Осындай ерлеріміздің арқасында елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздігіміз мәңгілік, баянды болсын.
Еске алу мен тағзым — тәуелсіздіктің қадірін терең сезінудің, тарихи жадыны сақтаудың басты белгісі.