Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып өздігінен меңгеру
Сабақтың тақырыбы
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Мәтіннен негізгі ойды айқындау.
- Поэма кейіпкерлерін дәл анықтап, талдай білуге үйрету.
- Ақынның сөз қолданысын өздігінен түсіндіріп, тілдік ерекшелігін тануға бағыттау.
- Мәнерлеп, сауатты оқуға дағдыландыру.
- Ақынның тіл шеберлігін талдау жұмыстары арқылы таныту.
Дамытушылық
- Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру.
- Ойлау қабілетін белсендіру, ой-өрісін кеңейту.
- Тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту.
- Мәтінді түсініп, оны өз сөзімен мазмұнды түрде жеткізе білуге машықтандыру.
Тәрбиелік
- Ел мен жерді қорғауға, адал қызмет етуге баулу.
- Елжандылық пен ұлттық сана-сезімді ояту.
- Әсемдікке қызығушылық тудыру, табиғатты, жерді, халықты сүюге тәрбиелеу.
- Жырда көтерілген проблемалардың бүгінгі күндегі маңызын аша отырып, мәдени қарым-қатынасқа баулу.
Сабақтың барысы
I кезең: Ұйымдастыру
- Амандасу, оқушыларды түгендеу.
- Назарды сабаққа аудару.
- Сыныптың дайындығын қадағалау.
II кезең: Үй тапсырмасын тексеру
Үйге «Батыр Баян» поэмасын оқып, мазмұнын айту тапсырылған болатын.
- Поэманы толық оқып келу.
- Өз бетімен ұнаған үзіндіні жаттау.
- Мәнерлеп үзінді оқу.
Өздігінен меңгертуге арналған жұмыстар
Поэманы қаншалықты меңгергендеріңді анықтау үшін төмендегі тапсырмалар орындалады.
1-тапсырма: Топтық жұмыс
- I топ: шығарманың композициялық құрылысына талдау.
- II топ: мазмұнын модульге түсіру.
- III топ: логикалық модельдеу.
2-тапсырма: Сурет бойынша жұмыс (үзіндімен дәлелдеу)
- I топ: қалмақ қызы бейнесі.
- II топ: Баян мен Ноян.
- III топ: батырлардың бас қосуы.
3-тапсырма: Шығарма кестесін толтыру (жеке жұмыс)
Әр оқушы поэманың негізгі оқиғалары мен кейіпкерлеріне қатысты кесте-сызбаны толтырады.
4-тапсырма: Өлең құрылысына талдау (топтық)
- Шумақ, тармақ, бунақ, буын.
- Ұйқас түрлері.
- Троп түрлері.
5-тапсырма: Проблемалық сұрақ (ұжымдық талқы)
- Баянның Ноянды өлтіруіне түрткі болған себеп қандай?
- Егер сен Баянның орнында болсаң, қандай шешім қабылдар едің?
6-тапсырма: Кинонұсқамен салыстыру
Поэма мазмұнын фильмдегі көріністермен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.