Рахмет сіздерге, құрметті әділқазы алқасы

Мақсаты мен тәрбиелік өзегі

Бұл интеллектуалды-танымдық ойын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылады. Негізгі мақсат — оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту және оқуға деген ынтасын арттыру.

Тұлғалық бағыт

  • Ой ұшқырлығын, батыл шешім қабылдау дағдысын дамыту.
  • Сөйлеу мәдениеті мен дәлелді пікір айту қабілетін жетілдіру.

Азаматтық-патриоттық бағыт

  • Тәуелсіз Қазақстанды өркендетуге адал қызмет ететін білімді ұрпақ тәрбиелеу.
  • Туған елдің тарихын, зиялы тұлғаларын танып-білуге шақыру.

Түйін: Отанға деген сүйіспеншілік табалдырықтан — отбасынан, мектебінен, туған өлкенен басталады. Ұлттық сана мен білім ұштасқанда ғана елдің ертеңі нұрлы болады.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Көрнекілігі

  • Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың суреті
  • Мемлекеттік рәміздер
  • Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған кітап көрмесі
  • Нақыл сөздер жазылған плакаттар
  • Тарихи тұлғалар, мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің суреттері
  • Слайд-шоу, энциклопедиялар

Қолданылған құрал-жабдықтар

  • «Үздік бестік» кестесі, бағалау парақтары
  • Компьютер, дискілер
  • Нөмірленген асықтар, дорба
  • Сағат, марапаттау қағаздары
  • Суреттер салынған конверттер

Ойынның басталуы: жүргізуші сөзі

Құрметті қонақтар, ойынға қатысушылар және жанкүйерлер! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» интеллектуалды-танымдық ойынына қош келдіңіздер!

Тәуелсіз Қазақстан тарихы — отаншылдық пен ерліктің, елдіктің айқын дәлелі. «Елім, жерім, Отаным» деген қасиетті ұғым әр адамның өз табалдырығынан, отбасынан, қаласынан, өлкесінен басталады.

Егер жастардың бойында ұлттық сана айқын көрініс тауып, жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орнықса, бұл — Тәуелсіз Қазақстанның орнықты дамуы мен әлемдегі беделді мемлекеттер қатарына ұмтылысының жарқын көрінісі.

Қатысушы топтар

  • Топ «Жарық жұлдыз»
  • Топ «Тәуелсіздік тірегі»

Әр топ өзін таныстырып, үстелдеріне топ атауы жазылған кестелер қойылады. Әділқазы алқасы таныстырылып, ойын ережелері түсіндіріледі.

Тәуелсіздікке арналған жолдар

Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы — келе берер!

І кезең: «Түрлі-түрлі сұрақтар… ой түртеді»

Бұл кезең — ойын алдындағы «ет қыздыру». Қатысушыларға 20 жедел сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап тез әрі нақты болуы тиіс.

Бастапқы сұрақ (үлгі)

Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас қалай аталады? Интерфейс

Сұрақтар мен жауаптар (іріктеме)

Ең ащы көл

Қарасор

Көлікті күтетін жер

Аялдама

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақ тілі

Алтын адам табылған жер

Есік қорғаны

Астананың бейресми символы

Бәйтерек

Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн

1995 жылғы 30 тамыз

І кезең аяқталған соң әділқазы қорытынды жасап, командалардың ұпайын жариялайды.

ІІ кезең: «Суреттер сыр шертеді»

Бұл кезеңде қатысушылар дорбадан нөмірленген асық алып, сәйкес конвертті ашады. Конверт ішінде қазақ халқының тарихи тұлғалары мен өнер, мәдениет қайраткерлерінің суреттері болады. Жүргізуші қысқаша мәлімет береді, ал команда тұлғаның аты-жөнін табуы керек.

Дінмұхамед Қонаев

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы. Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендетуге мол еңбек сіңірген.

Қасым Аманжолов

ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Ақын, журналист, драматург, аудармашы. Соғыс жылдары жазылған өлеңдері арқылы әдебиетке ерекше үн қосты.

Бұқар жырау (Қалқаманұлы)

(1693–1781) ХVIII ғасыр поэзиясының ірі тұлғасы. Ел бірлігі, татулық, сыртқы жауға қарсы тұру идеяларын жырлады. Абылай ханның жанындағы ақылман би ретінде танылған.

Әміре Қашаубаев

(1888–1934) Атақты әнші, актер, музыкант. 1925 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеде өнер көрсетіп, қазақ әнін әлемге танытты.

Роза Бағланова

Қазақстан мен КСРО-ның халық әртісі. Соғыс жылдарынан басталған шығармашылық жолында әлем халықтарының әндерін шебер орындап, үлкен сахналарда өнер көрсетті.

Шерхан Мұртаза

Жазушы, публицист, қоғам қайраткері. Республикалық басылымдарды басқарған, мемлекеттік қызмет атқарған. «Қызыл жебе» романы арқылы Тұрар Рысқұловтың өмір жолын көркем бейнеледі.

Жанкүйерлерге тапсырма

Келесі кезеңге өтпес бұрын көрермендерге 1 минут ішінде «шатаспа кестеден» қала атауларын табу ұсынылады. Қай топтың жанкүйерлері көбірек тапса, сол топқа 3 ұпай қосылады.

Шатаспа жолдары

СКЕӨНМЕ, ЗАТАР, ЛҚҒОАТДНРЫА, ӨБҚТЕА, ЗҒНАЖҚЕЗН, НТЕШТАК, ШО, КБКЕШІ, ЕЫТШМКН, АТӘБВСЕ, АНТСАА, АШБЛХА, ТУАЫРА

Дұрыс жауаптар (үлгі)

Сәтбаев, Балқаш, Астана, Шымкент, Өскемен, Тараз, Талдықорған, Ақтөбе, Жезқазған, Ташкент, Бішкек, Ош, Атырау

ІІІ кезең: «Үздік бестік»

Бұл кезеңде командалар мектеп бағдарламасы бойынша сұрақтарға жауап береді. Кесте 4 пән және «Әр түрлі» бөлімінен тұрады. Дұрыс жауап берілген жағдайда сәйкес ұпай команданың қоржынына қосылады.

Қазақ тілі

  • Дербес мағынасы жоқ, көңіл күйді білдіретін сөз

    Одағай

  • Есім сөздің де, етістіктің де қызметін атқаратын етістіктің түрі

    Есімше

  • Іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше

    Толықтауыш

Математика

  • 5 мысық 5 тышқанды 5 минутта ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минутта ұстайды?

    5 минут

  • Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем

    Аксиома

  • Бір түзуде жатпайтын үш нүкте және оларды қосатын үш кесіндіден тұратын фигура

    Үшбұрыш

География

  • Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл

    Қызылқұм

  • АҚШ-тың солтүстік штаты

    Аляска

  • Ең терең көл

    Байкал

Тарих

  • «Тарихтың атасы»

    Геродот

  • Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері

    Рақымжан Қошқарбаев

  • 2010 жылғы 1–3 желтоқсанда өткен ЕҚЫҰ саммиті (нөмірі)

    Жетінші

«Әр түрлі» бөлімі (іріктеме)

Ең жоғары ғылыми атақ

Академик

Қан қысымын өлшейтін аспап

Тонометр

Бұл кезеңнен кейін әділқазы сараптама жасап, жиналған ұпайларды жариялайды.

ІV кезең: «Көзқарастар калейдоскопы»

Әр командаға бір бейне-сұрақ ұсынылады. Өз сұрағына дұрыс жауап берсе — 2 ұпай. Қарсыластың сұрағына қатысты дұрыс көзқарас (дәйекті пікір, қолдау) танытса, ұпайы екі еселенеді.

Жұмыс тәртібі

  1. 1 Бейне-сұрақ тыңдалады.
  2. 2 Команда өз көзқарасын айтып, жауап ұсынады.
  3. 3 Сұрақ авторының нұсқасы тыңдалады.
  4. 4 Әділқазы қорытынды жасап, ұпай жариялайды.

Қорытынды сәт

Тәуелсіздік таңы — сендер, білемін,
Болашаққа бар біліміңді берерің.
Барыс текті жастар — сендер, білемін,
Жалындатып биік шыңда жүрерің.

Марапаттау және қорытынды тілек

Барлық кезең аяқталғаннан кейін әділқазы алқасы ойынға сараптама жасап, жеңімпаз топты жариялайды. Жеңімпаздар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдіріледі.

Қорытынды сөз

Осымен бүгінгі білім додасын аяқтауға рұқсат етіңіздер. Ой көкжиегіміз биік, жүрісіміз нық, еңсеміз тік болсын. Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болғай!