Оқушыларға тақырыпты түсіндіру

Сабақтың тақырыбы: Астана

Бұл сабақ жоспары оқушыларға Астана тақырыбын меңгертуге, мәтін мазмұнын түсіндіріп айтуға және ел рәміздері туралы білімін тереңдетуге бағытталған. Сабақ барысында тыңдалым, оқылым, жазылым және шығармашылық тапсырмалар жүйелі түрде қолданылады.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі

СТО әдісі (сыни тұрғыдан ойлау)

Көрнекілігі

Тақырыптық суреттер, АКТ қолдану

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Жалпы мақсат

Оқушыларға Астана тақырыбын түсіндіріп, мазмұнын меңгерту; мәтін бойынша өз ойын жүйелі жеткізуге және сөздік қорын байытуға мүмкіндік беру.

Білімділік

  • Астана туралы мағлұмат беру, ел рәміздерін еске түсіру.
  • Астананың мәдени нысандары жайында айтып, мәтін мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету.
  • Сөздік қорын арттырып, ойды толық әрі нақты жеткізу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Туған жерге, туған елге, Отанға деген сүйіспеншілікті күшейтіп, патриоттық сезім мен ұлтжандылықты тәрбиелеу.

Дамытушылық

  • Ой-өрісті дамытып, дүниетанымды кеңейту.
  • Өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.
  • Танымдық белсенділікті арттыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа қатысуын және оқу құралдарының дайындығын тексеру. Назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтып, жағымды көңіл күй қалыптастырады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұны сұралады.

  • Сен қайда тұрасың?
  • Отан деген не?
  • Сен Қазақстан туралы не білесің?
  • Қазақстанда қандай жануарлар мекендейді?

«Жалғасын тап» ойыны

Отан үшін отқа түс — күймейсің.

Отан — оттан да ыстық.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Тыңдалым

Үнтаспадан М. Омаровтың «Астана» әні тыңдатылады. Оқушылардан ән туралы сұрақтар қойылады:

  • Үнтаспадан қандай ән тыңдадық?
  • Әннің әуені қандай? (жай ма, көңілді ме?)

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы «Астана» мәтіні оқылып, түсіндіріледі. Оқушылар мәтінді тізбектей оқып, сұрақтарға жауап береді.

Мәтін: «Астана»

Астана қаласы — Қазақстан Республикасының астанасы. Қала Есіл өзенінің оң жағалауындағы жазық жерде орналасқан.

Бұрынғы Ақмола 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып бекітілді.

Астана — әсем де жас қала. Астанада зәулім сарай — Үкімет үйі бар. Онда елімізді басқаратын Президент Н. Ә. Назарбаев жұмыс істейді.

Астана — арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.

Дәптермен жұмыс

Оқушылар Астана туралы жинаған суреттерін дәптерге жапсырады.

Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға-солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.

Шығармашылық тапсырма: бес жолды өлең

Оқушылар Астана туралы өз ойларын бес жолды өлең арқылы білдіреді.

Жаңа қала, жас қала,
Болды бүгін бас қала.
Ол — сүйікті қаламыз,
Алып қала — Астана.

IV. Жаңа сабақты бекіту

  • Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
  • Еліміздің астанасы қай қала?
  • Еліміздің рәміздерін атап бер.
  • Үкімет үйінде кім жұмыс істейді?
  • Астана қай жылы астана болып бекітілді?

V. Қорытынды

«Астана» сөзіне байланысты сөзжұмбақ құрастыру.

  1. Біздің тұратын жеріміз?
  2. Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
  3. Еліміздің рәміздерінің бірі?
  4. Еліміздің Елбасы кім?
  5. Қазақстанның астанасы қай қала?
  6. Еліміздің рәміздерінің бірі?

VI. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар жетондар арқылы бағаланып, мадақталады.

VII. Үйге тапсырма

  • «Астана» мәтінін түсініп оқу.
  • Мазмұнын айтуға дайындалу.
  • Астана туралы сурет салу.