Менің жұлдызды уақытым әлі алда
Ақтөбе облысы · Мұғалжар ауданы · Еңбек ауылы · Еңбек негізгі мектебі
ИНАБАТ қыздар ұйымы · Жетекші: Айман Ыбраева Амалбекқызы · 2016
Тақырыбы: «Қар ханшайымы»
Қыз бала ата-анасы үшін әрдайым кішкентай ханшайым. Бұл бағдарлама қыздардың өзін-өзі тануына, мінез-құлқын байыптауға, талғамын дамытуға және қазақ қызына тән сұлулық пен көркемдікті қадірлеуге бағытталған.
Мақсаты
-
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
-
Қазақ халқының терең саналығы мен тәрбиелік құндылықтарын бойына сіңіруге ықпал ету.
-
Табиғи әсемдікке, сұлулыққа және нәзіктікке құрметпен қарауға үйрету.
Бағдарлама барысы
1) Ұйымдастыру
Кіріспе сөз: ханшайым болу — сыртқы сән ғана емес, ішкі мәдениет, мінез және мейірім.
2) Жарнамалық ролик
«Олар саған не берді?» тақырыбында әсер бөлісу және өзін танытуға жол ашатын сұрақтар.
3) «Менің таңбам»
Өзін-өзі тану: жеке құндылықтар мен тірек болатын ойларды анықтау.
4) Бейнелеу
Музыкамен сүйемелденетін шығармашылық жұмыс: жыртылған ақ қағаз қалдықтарымен сурет жасау.
5) «Диета»
Жаман әдеттер мен жағымсыз мінезден арылуға бағытталған «иә/жоқ» сұрақтары (құбыр ойыны арқылы).
6) «Артық болмас білгенің…»
Шеберқол бөлімі: түрлі көйлек үлгілерін таңдау арқылы берілген тапсырмаларды орындау.
7) Royal Tulip (пікіралмасу)
Қатысушылар пікір алмасып, әсерін мәдени түрде жеткізуді үйренеді.
1) Жарнамалық ролик: жауапқа арналған тірек-сұрақтар
- Ең қуанышты күнім — …
- Ең жақсы көретін ертегім — …
- Үзбей көретін телебағдарламам — …
- Керемет мереке — …
- Ұнайтын түс — …
2) «Менің таңбам» (таныстыру)
5 бөлікке бөлінген шеңбердегі сұрақтарға суретпен немесе сөзбен жауап беріледі. Жұмыс аяқталған соң: «Бұл — сенің таңбаң».
Шеңбер сұрақтары
- 1.Сабақтан басқа не істей аламын?
- 2.Естігім келетін үш сөз.
- 3.Өзімді жақсы сезінетін жер.
- 4.Ең сенімді жандар.
- 5.Ең үлкен жетістігім.
Таңбаны қолдану нұсқаулығы
- 1.Ішің пысқанда осы іспен айналыс.
- 2.Жабырқағанда сол ортада бол.
- 3.Одан да үлкен жетістіктерге ұмтыл.
- 4.Ең сенімді жандармен әрдайым байланыста бол.
- 5.Өзіңді нашар сезінгенде үш сөзді қайтала.
Кеңес: шеңбердің артына өз атыңды жазып қой.
3) Бейнелеу: «Қағаз қалдықтарына жан бітіру»
Бұл бөлімде әуен қосылып тұрады. Қатысушылар жыртылған ақ қағаз қалдықтарын пайдаланып, өз ойы мен көңіл күйін сурет арқылы жеткізеді. Мақсат — қиялды ояту және ұқыптылық пен эстетикалық талғамды дамыту.
4) «Диета»: жағымсыз қасиеттерден арылу
Қатысушылар сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді (құбыр ойыны арқылы). Әр «ханшайым» деңгейі — өзін бақылауға және мінезді түзетуге арналған шағын қадам.
1-ханшайымға
- Құрбыларыммен өте татумын (иә/жоқ)
- Мереке күндерін достарыммен өткіземін (иә/жоқ)
- Үй ішіндегі тірлік мені ашуландырады (иә/жоқ)
- Құрбыларыммен достығымызға кері әсер ететін жағдайлардың бел ортасында жүремін (иә/жоқ)
- Анамнан күн сайын сөгіс естимін (иә/жоқ)
2-ханшайымға
- Үйдегі қақтығыстарды көбіне мен шешемін (иә/жоқ)
- Отбасы мүшелерінің жаман әдеттері менің ызамды келтіреді (иә/жоқ)
- Үнемі қонақ келуі жүйкемді жұқартады (иә/жоқ)
- Өте ашушаң адамдар маған кедергі келтіреді (иә/жоқ)
- Өзімді жалғыз сезінемін, ешкімге керек емеспін деп ойлаймын (иә/жоқ)
3-ханшайымға
- Қалжыңды түсінемін, әзілді көтере аламын (иә/жоқ)
- Көп адам менімен дос болғысы келеді (иә/жоқ)
- Көзқарасыммен келіспейтін адамдар маған ұнамайды (иә/жоқ)
- Сабақтан бөлек айналысатын сүйікті істерім көп (иә/жоқ)
- Ішкі түйсігім жақсы дамыған (иә/жоқ)
4-ханшайымға
- Қиындық алдында мойымаймын (иә/жоқ)
- Күлкім әрдайым шынайы (иә/жоқ)
- Үлкен сырларым мен құпияларымды айтатын құрбым бар (иә/жоқ)
- Жаңа достармен танысқанды ұнатамын (иә/жоқ)
- Сымбатты, тартымды болуға уақытымды бөлуге тырысамын (иә/жоқ)
5-ханшайымға
- Өмір сүріп жүрген ортам өзіме ұнайды (иә/жоқ)
- Біреудің жаңа ойларын қуана қабылдаймын (иә/жоқ)
- Белсенділік пен спорт жаттығулары өмірімнің маңызды бөлігі (иә/жоқ)
- Жақсы әуендер көңілімді көтере алады (иә/жоқ)
- Үнемі ой үстінде жүремін (иә/жоқ)
6-ханшайымға
- Әртүрлі тапсырмаларды бұлжытпай орындаймын (иә/жоқ)
- Күнделікті қажетті нәрселерді өзім табуға тырысамын (иә/жоқ)
- Басқалардың көзқарасы бойынша мен керемет жанмын (иә/жоқ)
- Өз дегеніме жектенуді ұнатамын (иә/жоқ)
- Менің жұлдызды уақытым әлі алда (иә/жоқ)
5) «Артық болмас білгенің…» (шеберқол)
Қатысушылар түрлі көйлектердің бірін таңдайды. Әр көйлекте шағын тапсырма беріледі. Мақсат — ұқыптылық, тапқырлық және эстетикалық көзқарасты дамыту.
6) Royal Tulip (пікіралмасу)
«Мейрамхана» форматындағы пікірлесу. Әр қатысушы өз әсерін сыпайы әрі нақты жеткізеді.
- Мейрамхана өте …
- Аспаздың тағамдары …
- Әсіресе, маған ұнағаны …
- Тойдым, тағы да салып жіберіңізші …
- Мен басқа түрін де ұсына аламын, мысалы …
Қорытынды
Іс-шара соңында нәтижелер талданып, белсенді қатысушылар мен жеңімпаздар марапатталады.