Тіршілік үшін өсімдіктің маңызы

Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебі КММ

География пәнінің мұғалімі: Искаков Елубай Сагитович

Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктердің көптүрлілігі мен маңызы

Білімділік

Өсімдіктердің өсіп-өну жағдайларын, тіршілік ету ортасына бейімділігін түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге бағыттап, ой-өрісін және логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік

Өсімдіктердің маңызы туралы білімді тереңдетіп, өсімдіктерді қорғауға деген жауапкершілік пен сүйіспеншілікті арттыру.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Оқулық
  • Интерактивті тақта
  • Қосымша материалдар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Табиғат — ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.

II. Үй жұмысын қорытындылау

  1. Жануарлар арасында қарым-қатынас бола ма? Мысал келтір.
  2. Жануарлардың бір-бірін жеуі (жыртқыштық) қалай жүзеге асады?
  3. Симбиоз дегеніміз не?
  4. Адам денсаулығына зияны бар жануарларға мысал келтір. (Слайд)

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақтың тақырыбы — «Өсімдіктердің көптүрлілігі мен маңызы». Мақсат: өсімдіктер әлемі туралы білімді тереңдету, өсімдіктердің маңызын түсіндіру және оларды қорғауға деген қызығушылықты күшейту.

Ой қозғау

  • Өсімдік туралы не білеміз?
  • Өсімдіктердің қандай түрлері бар?

IV. Оқулықпен жұмыс

1) Мұғалім түсіндіруі

Негізгі ұғымдар мен деректерді жүйелеу.

2) Тізбектеп оқу

Мәтінді кезектесіп оқу және мәнерлеп айту.

3) Сөздік жұмыс

Терминдерді түсіндіру және қолдану.

Жер бетінде өсіп тұрған өсімдіктердің жиынтығын өсімдік жамылғысы немесе флора деп атаймыз. Жер шарында шамамен 0,5 миллион өсімдік түрі бар, ал Қазақстанда шамамен 6000 түрі кездеседі.

Өсімдіктер бір-бірінен пішіні, құрылысы, өмір сүру ұзақтығы, көбею ерекшелігі және таралу аймағы бойынша ажыратылады. Ортақ белгісі — көпшілігінің жасыл түсі (хлорофиллдің болуына байланысты).

Өсетін ортасына қарай

  • Суда өсетін өсімдіктер
  • Топырақта өсетін ағзалар (бактериялар, балдырлар, кейбір саңырауқұлақтар)
  • Жер астында кездесетін микроағзалар (шамамен 3 км тереңдікке дейін)
  • Жер беті өсімдіктері (түр саны өте көп, адамның тұрмысында кең қолданылатын топ)

Құрылысына қарай

Өсімдіктер айырмашылығына қарай екі сатыға бөлінеді: төменгі және жоғары сатылы.

  • Төменгі сатылы өсімдіктер: балдырлар. Балдырларда тамыр, сабақ, жапырақ, гүл болмайды.
  • Жоғары сатылы өсімдіктер: мүк, қырыққұлақ, жалаңаш тұқымдылар, жабықтұқымдылар.

Гүлді және гүлсіз өсімдіктер

Гүлдері мен жемістері алуан түрлі болатын өсімдіктерді гүлді өсімдіктер дейді. Олардың жалпы саны шамамен 250 мың түрге жетеді және жер шарының көп бөлігінде таралған.

Кейбір өсімдіктерде гүл болмайды. Жапырағы тікенек тәрізді болып келетіндердің ішінде кең тарағаны — қылқанжапырақты ағаштар.

шырша қарағай майқарағай балқарағай самырсын секвойя арша сауыр ағашы

Жабықтұқымдылардың алуан түрлілігі

Гүлді өсімдіктер мен жабықтұқымдылар өте алуан түрлі: раушангүл, кактус, терек, пальма, астық тұқымдастар, жауқазын және т.б.

Маңызды тұжырым: өсімдіксіз адам да, жануар да өмір сүре алмайды. Өсімдіктер тіршілікке қажетті оттегін бөледі және табиғи тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.

Фотосинтез: өмірдің негізі

Өсімдіктер табиғатта фотосинтез процесін жүзеге асырады. Бұл — күрделі биологиялық процесс: өсімдік хлорофиллдің көмегімен күн энергиясын жинап, көмірқышқыл газын және суды өзгерту арқылы органикалық қосылыстар түзеді. Нәтижесінде күн энергиясы химиялық байланыстар энергиясына айналады.

Түзілген органикалық заттар тікелей немесе қоректік тізбек арқылы басқа ағзаларға азық болады. Сондықтан өсімдіктерді қорғау — жердегі өмірді қорғаумен тең.

Адам өміріндегі өсімдіктердің маңызы

  • Ауаны шаң-тозаңнан тазартады.
  • Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер фитонцид бөліп, ауру қоздырғыш бактерияларды жояды.
  • Дәрі-дәрмекке, азық-түлікке және құрылыс материалдарына қолданылады.
  • Экологиямен қатар, экономиканың дамуына да ықпал етеді.

Мәдени өсімдіктер

Адам еңбегі арқылы пайда болған немесе сұрыпталып өсірілетін өсімдіктер мәдени өсімдіктер деп аталады. Демек, адамның азығы мен денсаулығының маңызды қайнар көзі — өсімдік.

V. Дәптермен жұмыс

Тақырып: «Өсімдік — жердің жасыл көрпесі»

Шағын эссе жазыңыз.

Өсімдіктердің адам өміріндегі рөлі

1) Пайдалылығы: ________________________________

2) Зияндылығы: __________________________________

VI. Сен білесің бе?

  1. Ең биік әрі жуан ағаш — қылқанжапырақты секвойя: биіктігі шамамен 140 м, діңінің диаметрі 10 м-ден асады.
  2. Ең жеңіл ағаш — бальса: бойы 50 м-ге дейін жетеді, өте жеңіл болғандықтан, адам оны көтеруі жеңілірек болады.
  3. Ең алып жапырақ — Виктория регия өсімдігі: Амазонка өзенінде өседі, ені 2 м-ге дейін жетеді және су бетінде қалқып тұра алады.
  4. Етқоректі (жәндіктермен қоректенетін) өсімдіктердің 400-ге жуық түрі бар. Мысалы: саррацения, шықшөп, непентес.
  5. Ең алып гүл — Арнольд раффлезиясы: гүлінің диаметрі 1 м, салмағы 10 кг-нан асады.

VII. Өзіндік жұмыс

Кестені толтырыңыз.

Топ

_____________________

Ерекшелігі

_____________________

Мысал

_____________________

Маңызы

_____________________