Сұрақты тап

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Грамматикалық тақырып

Етіс түрлерін қайталау.

Лексикалық тақырып

Менің арман мектебім. Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Сабақтың түрі

Өткен сабақты бекіту.

Сабақтың әдісі

Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.

Пәнаралық байланыс

  • Этнопедагогика
  • Ән
  • Әдебиет
  • Бейнелеу өнері

Қолданылатын көрнекіліктер

  • Интербелсенді тақта
  • Флипчарт
  • Стикер
  • Постер
  • Маркер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Етіс түрлерін ажырата білуге дағдыландыру. Әртүрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың меңгеру деңгейін бақылап, өткен тақырыптарды бекіту.

Дамытушылық

Тілді және ауызша сөйлеуді жетілдіру. Сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу; ойлау қабілетін, сөздік қорын, байқағыштық қасиетін дамыту.

Тәрбиелік

Ойын түрлері арқылы тапқырлық пен ізденімпаздықты қалыптастыру. Талдауға алынған мысалдар арқылы адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Етіс түрлерін бір-бірінен ажыратады, талдау жасап, өмірде қолдана алады.

Топтық және жеке жұмыс арқылы оқушы өзіндік ізденіске бағытталып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын дамытады.

Ойлау қабілеті дамып, тілдік қоры көбейеді; жазу машықтары қалыптасады.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, бүгінгі сабақта сендерге сәттілік тілеймін. Бұл сабақ ерекше: өткен тақырыптар бойынша білімдеріңді пысықтап, қорытынды жасаймыз және жаңа мағлұматтар аламыз.

Бүгін сендердің сабаққа деген көзқарастарың мен алған білімдеріңнің сапасы айқындалады. Әр оқушының міндеті — 4 пен 5-ке оқу. Себебі келешекте өз республикамыздың саналы, білімді азаматы болуларың керек.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында атап өткендей, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеріп, жоғары білім алып, өз мүмкіндіктеріңді көрсете алатыныңа сенемін.

Кіріспе: үш сұрақ әдісі

Дәйексөз

М. Горький: «Жазуды бастар алдында мен өзіме үш сұрақ қоямын: не жазғым келеді? қалай жазғым келеді? не үшін жазғым келеді?»

Осы тәсілді сабақта да қолданамыз: «Мен не білемін?», «Мен не білгім келеді?», «Мен не білдім?».

Негізгі бағдар

  • Өткенді қайталау және тиянақтау
  • Ой қозғау және талқылау
  • Ойын арқылы бекіту

Өткенді қайталау: «Мен не білемін?»

I тапсырма

«Сұрақты тап»

Бір сұраққа бірнеше жауап нұсқасы ұсынылады. Оқушылар берілген жауаптарға сүйене отырып, сұрақтың өзін анықтайды.

II тапсырма

Семантикалық карта

Етіс түрлерін және олардың белгілерін жүйелеу, өзара салыстыру, қорытынды жасау.

Ой қозғау: «Мен не білгім келеді?»

  1. 1 Назарбаев атындағы Зияткерлік мектептері туралы қандай мәлімет білесіңдер?
  2. 2 Бұл мектептің басқа мектептерден айырмашылығы қандай деп ойлайсыңдар?
  3. 3 Назарбаев атындағы Зияткерлік мектептері қай қалаларда орналасқан?

Қосымша мәліметтер ұсынылады: фотосуреттер мен видеофильм көрсетіледі.

III тапсырма: «Крестиктер — нөлдіктер» ойыны

Ойын ережесі

  1. 1-команда («нөлдіктер») кестеден сан таңдайды.
  2. Мұғалім таңдалған нөмірдегі сұрақты оқиды.
  3. Жауап дұрыс болса, команда сол ұяшыққа белгі қояды.
  4. Жауап қате болса, 2-команда («крестиктер») жауап беріп, ұяшыққа белгі қою мүмкіндігін алады.

Неге тиімді?

Ойын форматы оқушыны жылдам ойлауға, дәл жауап беруге және етіс түрлерін қолдана отырып мысал келтіруге ынталандырады.

Сұрақтар

1. Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

2. Етістіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді?

3. Болымсыз етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

4. Салт және сабақты етістіктерді қалай ажыратамыз?

5. Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушыға (қимыл иесіне) істелетін іске қатысын білдіретін, белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етістік түрі қалай аталады?

6. Етістің неше түрі бар? Қандай?

7. Өздік етістің жұрнағы қандай?

8. -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -т жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі қандай?

9. Ырықсыз етіс дегеніміз не?

10. Бірнеше орындаушы арқылы іске асатын етіс түрі қалай аталады?

11. Бір жұрнақ екі етіске ортақ болады. Ол қай етістер? Оны қалай ажыратамыз?

12. «Омар мен Оспан хат жазысты» сөйлемінде етістің қай түрі қолданылған?

Автор туралы мәлімет

Қызмет орны

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Жамбыл ЖОББ мектеп-балабақшасы.

Мұғалім

Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Олжатаева Камшат Хамзақызы.

Құжаттың толық нұсқасын жүктеу бөлімі көрсетілген.