Мамандықтар классификациясы

Мақсат пен бағыт

Бұл материалдың негізгі ойы — оқушыларға мамандық әлемін таныстыру, мамандық таңдаудың мәнін түсіндіру және өз қабілеті мен қызығушылығына сай дұрыс бағыт табуға көмектесу.

Білімділік

Мамандық таңдаудың қыр-сырын меңгерту, негізгі түрлерін, жіктелу белгілерін және мамандықтар топтарын түсіндіру, кәсіптік бағдар беру.

Дамытушылық

Өз қалауы бойынша мамандықты саналы таңдауға үйрету, мақсат қоя білуге баулу, икемділіктерін қалыптастыру.

Тәрбиелік

Тұлғалық өсудің алғышарттарын қалыптастырып, еліне адал қызмет ететін жауапты маман болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар мен әдістер

Көрнекілік

Слайдтар.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап, ой бөлісу.

Сабақ құрылымы

Жоспар

  1. «Бұл кім?» тренингі
  2. «Мамандық — өмір бастауы»
  3. Мамандықтар классификациясы
  4. «Ойыңды дәлелде» пікірлесуі
  5. Қазіргі заманның тапшы мамандары
  6. «Мен және фигура» психогеометриялық жаттығуы
  7. Қорытындылау

Барысы (талқылауға арналған сұрақтар)

  • «Бұл кім?» тренингі арқылы танысу және ой қозғау.
  • «Қалай ойлайсыңдар, бұларды не біріктіреді?» деген сұрақпен ортақ белгі табу.
  • «Мамандық дегеніміз не?» ұғымын нақтылау.
  • Сыныпта әркім қандай мамандықты таңдауды жоспарлайды?

Мамандық ұғымы және таңдауға әсер ететін факторлар

Мамандық дегеніміз не?

Мамандық — адамнан арнайы білімді, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек әрекетінің түрі.

Таңдауға не әсер етеді?

  • Ата-ананың кеңесі
  • Достардың пікірі
  • Мамандықтың қазіргі беделі
  • Қызығушылық, мүмкіндік, қабілет
  • Жақын маңдағы оқу орнының болуы
  • Жалақы деңгейі

Мамандықтар классификациясы (Климов бойынша)

Орыс ғалымы, әдіскер-психолог Е. А. Климов зерттеулерінде мамандықтарды әртүрлі белгілер бойынша жіктеуге болатыны айтылады. Ең кең тарағаны — еңбек пәніне (адам немен жұмыс істейді) негізделген жіктеу.

Адам — техника

Техникалық құрылғылармен жұмыс: ұшқыш, матрос, электромонтер, слесарь.

Адам — адам

Адамдармен жұмыс, ықпал ету: мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкир.

Адам — белгі жүйесі

Абстрактілі ұғымдар, кодтар, ақпарат: бухгалтер, ғалым, ЭЕМ операторы, зертхана және ғылыми орталық қызметкері.

Адам — табиғат

Тірі және өлі табиғат үдерістері: мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам — көркем образ

Өнер мен шығармашылық: архитектор, дизайнер, суретші, әнші, актер.

«Ойыңды дәлелде»: пікірталасқа арналған тұжырымдар

Төмендегі тұжырымдардың ішінен келіспейтіндеріңді таңдап, неге келіспейтініңді дәлелде. Мақсат — дайын жауап табу емес, өз ойыңды негіздеп айту.

  1. Мамандық бір-ақ рет, біржола таңдалады.
  2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
  3. Отбасы мен достардың ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
  4. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
  1. Жақсы білім алу үшін міндетті түрде қымбат оқу орнына түсу керек.
  2. Ақша болса, мамандық қажет емес.
  3. Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.
  4. Мамандық таңдау — тек күнкөріс қамы.

Оқу жолдары: мамандықты қайдан меңгеруге болады?

Болашақ мамандықты әртүрлі оқу орындары арқылы меңгеруге болады. Негізгі бағыттар төмендегідей:

Бастауыш кәсіптік білім

Кәсіптік мектептер, кәсіби лицейлер. Бұл оқу орындары жұмысшы мамандықтарын даярлайды.

Арнаулы орта білім

Колледждер, техникумдар. Жалпы орта білімнен кейін немесе бастауыш кәсіптік білім негізінде қабылдайды.

Жоғары кәсіптік білім

Институттар, университеттер, академиялар. Орта білімнен немесе арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.

Ойлануға арналған сұрақтар

  • Бейнеу ауданында қандай мамандықтарға оқытатын оқу орындары бар?
  • Бейнеу ауданына алдағы жылдары қандай мамандар көбірек қажет болуы мүмкін?

Диплом, тәжірибе және еңбек нарығы

Маңызды ескерту

Диплом — жоғары жалақы мен тұрақты жұмыстың абсолют кепілі емес. Сонымен бірге, дипломсыз да жұмыс істеуге болады, бірақ ол үшін нақты дағды, жауапкершілік және еңбекке бейімділік қажет.

Талқылау

Дипломсыз қандай жұмыстарды істеуге болады? Қандай дағдылар сұраныста? Қай жерде тәжірибе жинауға мүмкіндік бар?

Салыстыру тапсырмасы

Әртүрлі мамандық иелерін салыстырып көріңдер: жұмыс шарттары, қоғамға пайдасы, табыс деңгейі, өсу мүмкіндігі, қажет дағдылар.

Қазіргі заманның тапшы әрі табысты мамандары

Бұл бөлімде бүгінгі еңбек нарығында сұранысы жоғары мамандықтарды атап, олардың неге тапшы екенін және қандай қабілет пен дайындық қажет екенін талқылауға болады.

«Мен және фигура» психогеометриялық жаттығуы

Қатысушылар өзін сипаттайтын фигураны таңдап, таңдаудың себебін түсіндіреді. Жаттығу өзін тануға және жеке ерекшеліктерді байқауға көмектеседі.

Қорытынды ой

Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана, білім мен өнеріме сенемін.
Арым таза, ақ көңіл — адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!

Қай мамандықты таңдасақ та, ел болашағын ойлап, қоғамға пайдалы іс атқаратын, халқына абыроймен қызмет ететін адал азамат болуға ұмтылайық.

Мамандық таңдаудың 7 қадамы

  • 1) Өзіңді таны

    Қызығушылық, құндылық, мінез, қабілетіңді анықта.

  • 2) Мақсат қой

    Қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарды нақтыла.

  • 3) Ақпарат жина

    Мамандық мазмұны, талаптары, оқу жолдары туралы біл.

  • 4) Еңбек нарығын зертте

    Сұраныс, жалақы, өсу мүмкіндігін салыстыр.

  • 5) Өзіңді сәйкестендір

    Қабілетің мен талаптың үйлесімін бағала.

  • 6) Кеңес ал, бірақ өзің шеш

    Ата-ана, ұстаз, маман пікірін тыңда, соңғы таңдауды өзің жаса.

  • 7) Жоспар құр және әрекет ет

    Оқу, дағды, тәжірибе және уақыт жоспарын жасап, қадам жаса.