Мұқағали МақатаевСен де кеттің, Мен де кеттім, Ол да кетті ауылдан

Мұқағали Мақатаев

Сен де кеттің,
Мен де кеттім,
Ол да кетті ауылдан.
Осынымыз ұят болды - ау, ұят болды - ау, қауымнан!
Ұят болды - ау,
Ұят болды - ау,
Ұят болды - ау, бауырлар!
Момын жұрттың, арқа сүйер,
Азаматы біз едік.
Тұлпарлардан, тұғырлардан,
Қалған бір - бір із едік.
Біз де кеттік,
Басқа жаққа бетімізді түзедік.
... Естимісің, құлақ түрші,
Қырдан ескен самалға.
Сәлем айтып жатыр ауыл,
Саған, оған, маған да.
Телеграф сымы тұрған сүйеніп ап бағанға.
Көремісің,
Заңғар таулар жаулықтарын бұлғайды,
Шақырады Ақбас шалдар,
Сыбызғы етіп қурайды.
Еске салып, қайтқан құстар
Елдің жырын жырлайды.
Күте - күте,
Көзі талып, Күн сарғайып батқандай,
Күте - күте,
Жұлдыздардың жанары да аққандай,
Зират екеш зираттар да,
Бізді жоқтап жатқандай...
Момын елдің,
Арқа сүйер,
Азаматы біз едік,
Жеке - жеке бақыт іздеп,
Жеке өмір түзедік,
Жетер енді!..
Туған жердің топырағына тізе бүк!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Мұқағали Мақатаев жайында
Талантты лирик-ақын Жүсіп ҚЫДЫРОВ рухымен сырласу
«Бірлік» совхозының директоры болған Сәбит Тілеубердиев әңгімелер
Ақындардың қолданысындағы фразеологиялық тіркестер ерекшелігі
Қалқаман Сариннің қазіргі поэзиядағы орны
Тілдік қатынас құрамы мен тұлғалары
Ақберен Елгезек өлеңдеріндегі жалғыздық ұғымы
Елордасы – Астана
Балалардың сүйікті жыршысы
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі