Болғанша кашан ақталып, Тұратын бел боп көлденең
Мұқағали Мақатаев
(Еске алу)
Аттанарда алыс жолға,
Тапсырды әкем аманатын.
Серт етіп мен де алдым қолға,
Әкемнің берген асыл затын
Сұстандырған суық лебі,
Соғыс жылы, қыстың кезі.
Әкем сонда аймалап мені,
Аманат еткен мынау еді сөзге
Тыңда, балам, тыңда, күнім
Болуға жара қолқанат!
Кәрі анаң, сәби інің,
Барлығы саған аманат!
Мен де сенің он жасыңда,
Атадан жетім қалғанмын.
Аса ақылды болмасам да,
Аманатын алғанмын.
Санамда сіңіп, сақталып,
Әкеңнің сөзі өлмеген.
Болғанша кашан ақталып,
Тұратын бел боп көлденең.
Талпын өмір шыңына,
Жетіп те мүмкін қаларсың!
Анаңның ауыр мұңына
Сергіткіш себеп боларсың!
Сен жас буын, жаңа тал,
Гүлің де өсіп шашырар.
Сарылып оқып, білім ал,
Сөнгенше сәулең асырар
Деп жан әкем аттанып
Кетті қайта айналмай.
Тек сол сөзі жатталып,
Жүрегімде қалғандай.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Мұқағали Мақатаев жайында
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
Мұхтар Шаханов поэзиясының ұлттық мінезі
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
Қазақ тіліндегі аманат концептісі
Ермұқан Бекмахановтың өмірбаяны
Мағжан Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі Шәкәрім Құдайбердиев
Міржақып Дулат
«Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесі
Қаржылық лизингті жүзеге асыру барысында қатысушы субъектілер анықталып,міндеттері және құқықтары белгіленеді
Қазақстан — әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесі
Қажетті қимыл- қозғалыстың жетіспеушілігі организмді белгілі өзгерістерге ұшыратады
Белгішелер, жарлықтар, бумалар
Ағылшын тілі сабақтарының танымдық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері
Жеке адамның дамуындағы өзіндік белсенділіктің маңызы
Танымдық белсенділік және дербес іс-әрекет
Танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері
Туризмнің белсенді түрінің әдісі мен тәсілдерінің негіздері
Бегұлы болыс Көшекұлы - Тама тайпасының Дәулеткелді руынан шыққан белгілі тұлға