Мағжан ЖұмабаевКөрісе алмай зарығып, Сарғайысқан екі жас, Әлдеқалай тура кеп, Көріседі - көңіл мас
Мағжан Жұмабаев
Көрісе алмай зарығып,
Сарғайысқан екі жас,
Әлдеқалай тура кеп,
Көріседі - көңіл мас.
Мөлдіресіп көздері,
Бір - біріне қарайды.
Қысқа болды сөздері,
Жылы у бойға тарайды.
Ауызға ауыз тиісті -
Денелері балқыды.
Тілден тәтті сүйісті -
Жүрек жанды, шалқыды.
Ыстық лебіз сүйгенде
Өртегендей жүздерін.
Енді дене күйгенде
Ашты екеуі көздерін.
Оянысса, адам жоқ,
Түс алдайтын жау ма екен?
Бір - бірін түсте сүйсін деп,
Ойнап сүйген сәуле екен.
Есінеп, бір керіліп,
Қайта тағы жұмып көз:
Ұйқымды, сәуле, бұздың! ,- деп,
Жатты жамылып сұлу қыз.
Абақтыда оянып,
Жігіт уһ деп дем алды.
Көрген түске жұбанып,
Сәулеге алтын қуанды.
Адамшылық амандасудан басталады
Батырлар жыры туралы
Сәкен Сейфуллин поэмаларындағы табиғат көрінісінің сұлу кестеленуі
Мағжан Жұмабаевтың кестелі өлең өрнегі
Айбек Қалмағамбетов. Жоғалған қыз туралы аңыз
Батыр Баян поэмасындағы антропонимдер
Ақан серінің махаббат лирикасы және Құлагер тұлпардың қазасы
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Мағжан Жұмабаев – лирик ақын
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
ҚОРҚЫТ туралы
МАХМҰД ҚАШҚАРИ туралы
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы
Индустриялдық – инновациялық бағдарламасының негізі
Баланың мектепке келу мәселесі
Қожа Ахмет Яссауи туралы
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.