Жерлеп келіп
Фариза Оңғарсынова өлеңі
Өзіңді жерлеп келіп, жапа - жалғыз отырмын
Өзіңді жерлеп келіп,
жапа - жалғыз отырмын. Меңіреумін.
Айналамда қыстыққан еңіреулі үн...
Әлем деген қап - қара бұлтқа оранып,
жердің бетін кеткен бе - ау құрттар алып,
есі ауысқан шығар бұл сығыр құдай,
сосын, сосын... денемді бұрынғыдай
аймалаған секілді сенің ернің.
Буынымды босатып
сыбырлаған үздігіп сенің үнің,
сосын менің тек саған жерік үнім...
жанарымыз түк үнсіз ақтарған ой
тек екеуіміз білетін сәттер бар ғой? -
алақандар тигенде, бұлақ - құмар
дір еткізіп жүректен бір - ақ шығар -
барлық елес таптады мені бүгін.
Жерлеп келіп...
Жоқ, жоқ! Пә, өзіңді жерлеп келіп,
отырдым сен деп семіп,
өмір деген өзіңсіз қараң қалып,
керең болып кеткендей тамам халық...
осы менің бүгінгі есімдегі.
Сені осылай жерлегем. Кешір мені.
Жылқыға байланысты әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдер
«Жоқтау» өлеңдерінің көркемдік аспектілері
Жүніс батыр және сары бүркіт
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
Айша бибі кесенесі
Дін мен дәстүр (дүкеншінің әңгімесі)
Мақал - мәтелдер. Мақал — нақыл сөз
Тарихтан белгілі қасиетті ана атанған Ұмай ана
Абай Құнанбаев шығармалары
Оқиғалы өлең (Шәкәрімнің оқиғалы өлеңі)
Абылай қалмақтарға жорықпен келе жатқанда қалмақтан жеті адам елші келіп, қалмақ ханы Серен хан
Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жалпылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты
Адам өліміне әкеліп соғатын кез келген билер шешіміне мен қарсымын
Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды
Зоотехник күні ілгері келіп
Тез әкеліп алтынымды орнына қой
Бір күні елпелектей ұшып жүрген көбелек қораның төбесіне келіп қонады
Сізге бір бикеш келіп тұр, Пуаро мырза
Бақада қай сүйектер омыртқаға келіп бекиді
Қожаберген Толыбайұлы шамамен 1663 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Гүлтөбе Маманай өңірінде дүниеге келіп, 1763 жылы қайтыс болған жырау, батыр