Отаны мен туған жерінің өзен - көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларын көрсете білу

Оқу жылы және жоспардың мазмұны

2013–2014 оқу жылына арналған 4-сынып бойынша пәндік күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар төмендегі оқу жүктемесіне сәйкес құрастырылған.

Дүниетану

Аптасына 2 сағат
Жылына 68 сағат

Математика

Аптасына 5 сағат
Жылына 170 сағат

Қазақ тілі

Аптасына 4 сағат
Жылына 136 сағат

Пән бойынша қойылатын талаптар

  • Ғылыми таным негізінде қоршаған әлемнің тұтастығы туралы білім қалыптастыру және адамзаттың табиғатпен қарым-қатынасы жүйесі арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту.
  • Адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын түсіндіру, қоршаған орта заңдылықтары, құбылыстары мен нысандарын меңгерту, оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы туралы түсініктерін кеңейту.

Меңгерілуі тиіс білім, білік, дағдылар

Негізгі түсініктер

  • «Табиғат – адам – қоғам» жүйесіндегі өзара қарым-қатынасты ұғыну.
  • Тірі және өлі табиғат нысандарын ажырата білу, қоршаған ортаны сақтау және қорғауға тәрбиелену.

Практикалық дағдылар

  • Картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауларын және пайдалы қазбаларын көрсете білу.
  • Бақылау, өлшеу және салыстыру дағдыларын қалыптастыру; өмірлік тәжірибені жетілдіру.

Даму және сабақтастық

  • Танымдық қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерді дамыту.
  • Негізгі мектепте жаратылыстану пәндерін одан әрі меңгеруге қажетті білім, білік, дағдыларды жетілдіру.