Қыз Жібек, есікті ашшы
Қазақ тілі (3-сынып): Етістік
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, СТО стратегиялары, ойын, шығармашылық жұмыс, кестемен жұмыс
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар, кесте, ребус
Сабақтың мақсаттары
Бұл сабақта етістіктің заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретіні туралы түсінік қалыптастырылады. Оқушылар сұрақ қою арқылы етістіктерді табуға үйренеді, сөздік қоры молаяды, ойы мен тілі, шығармашылық қабілеті дамиды. Сонымен бірге ойлау жұмысына бейімделіп, білімдерін тиянақтайды.
Білімдік
Етістіктің қимыл, іс-әрекетті білдіретінін түсіндіру; сұрақ қою арқылы етістіктерді табуға үйрету.
Дамытушылық
Сөздік қорды молайту; ойлау, тіл, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды жүйелі ойлауға бағыттау; алған білімдерін тиянақтау.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныптың дайындығын тексеру, сабаққа назар аударту.
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Өткен сабақты бекіту.
2) Жаңа сабаққа кіріспе
Оқушылар 1–2-сыныпта заттың қимылын білдіретін сөздер туралы қысқаша мағлұмат алған. Сабақ басында сол білім еске түсіріліп, жаңа тақырыппен байланысы айқындалады.
Қызығушылықты ояту
Сабақ ребус шешуден басталады. Ребусты дұрыс шешкенде сабақтың тақырыбы ашылады.
Шешуі:
Етістік
Одан кейін практикалық жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалім мен оқушының әрекеті арқылы етістіктің мәні нақты мысалдармен көрсетіледі.
Диалог үлгісі
Мұғалім: «Қыз Жібек, есікті ашшы.»
Сұрақ: «Қыз Жібек не істеді?»
Жауап: «Есікті ашты.»
Жалғасы
Мұғалім: «Қыз Жібек, орныңа отыр.»
Сұрақ: «Қыз Жібек не істеді?»
Жауап: «Орнына отырды.»
Есікті ашу және орнына отыру үшін қандай іс-әрекет жасалды? Оқушылар әрекеттерді тізбектейді: орнынан тұрды, жүрді, яғни қимыл жасады. Осы бақылаулар арқылы ережені өздері қорытындылауына жағдай жасалады.
«Пресс-конференция» дидактикалық ойыны
Ережені оқушылардың өздері тұжырымдауы үшін ойын форматы ұсынылады.
Ойынның шарты
Тақта алдына үш орындық қойылады. Оларға етістікті зерттеп жүрген «ғалымдар» отырады. Қалған оқушылар «журналистер» болып, сұрақ қояды.
Сұрақтар үлгісі
- Етістік дегеніміз не?
- Етістікке қандай сұрақтар қойылады?
- Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?
«Ғалымдар» жауаптарын міндетті түрде мысалмен дәлелдейді.
3) Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу: өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа жазу.
Тапсырма 1
Өлеңнен етістіктерді тауып, астын сызу.
Тапсырма 2
Табылған етістіктерге сұрақ қою.
Тапсырма 3
«Дәрігер» мамандығы туралы қысқаша әңгімелеу.
Мағынаны тану
Өлеңнің жалғасы ретінде төмендегі жолдар экраннан көрсетіліп, талданады: етістіктерді табу және оларға сұрақ қою.
Диқан тыңды тіледі,
Ісмер кесте тігеді.
Кенші жерді қазады,
Ақын өлең жазады.
Оқушылар етістіктерді анықтап, әрқайсысына тиісті сұрақ қояды.