Журналист болу көптеген қажыр - қайрат пен терең білім иесі болу
Арманымның бейнесі
Журналист — қоғамға ең қажетті мамандықтардың бірі. Ел жағдайын, ауыл тынысын, қала мәселелерін айдай әлемге айқындайтын да — журналист. Журналист — нағыз білімді, рухани бай, сөзін өзіндік ой өрнегімен астастыра білетін адам болуы керек.
Журналистке тән қасиеттер
Шындықтың жырын жырлайтын — шыншыл, кез келген мәселені шешетін — тапқыр, «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дейтін — өжет, ертеңіне де, бүгініне де сенетін — сенімді, істің түбіне жетпей қоймайтын — қайсар болу журналистің басты қасиеттері.
Шыншылдық
Дерекке сүйеніп, әділ сөз айту.
Тапқырлық
Түйінді жылдам көріп, шешім ұсыну.
Өжеттік
Қиын сұрақтан қашпау, қорықпай айту.
Қайсарлық
Істің түбіне дейін бару, нәтижеге жету.
Сондықтан да мен журналист болғым келеді. Журналист болу — қажыр-қайрат пен терең білімді талап ететін жол.
Қырағылық — кәсіптің өзегі
Полицейге қандай қырағылық керек болса, журналистке де дәл сондай қырағылық қажет. Себебі жазатын мақалаңды, қозғайтын мәселеңді жіті қадағалап, ел байқай бермейтін жайттарды асқан мұқияттықпен аңғару — журналистің міндеті.
Үлгі тұтар тұлғалар және өз бағытым
Елімізде журналистика саласында қолтаңбасын қалдырған жандар аз емес. Менің ойымша, өзіңе бағыт айқындау үшін жолбасшы керек. Гүлнәз Әлімгерей, Маржан Сұлтанбаева, Мақсат Толықбай секілді өз ісінің шеберлеріне ұқсағым келеді.
Мен үшін «нағыз журналист»
- Жағдайды сыртынан емес, ішінен іздей білетін;
- Мәселені майдаламай, турасынан шешетін;
- Сұрақты төтесінен қоятын;
- Өзіне сенімді, жігері мықты, тәуекелшіл жан.
Мен дәл осындай журналист болғым келеді.
Арманға апарар көпір
Әркім өз арманына жету үшін барын салады. Әр арманның өз «алтын көпірі» болады. Мен өз арманымның көпірі — ҚазҰУ университеті деп білемін. Осы оқу орнында білім алғым келеді.
Неге ҚазҰУ?
Журналистиканың майын ішіп, жілігін шаққан нағыз шеберлер осы жерден білім алған. Бұл университет — терең білім мен нәтижелі еңбектің ордасы, журналистиканы үздік оқытатын оқу орындарының бірі.
Ұстаз бен шәкірт туралы ой
Бірде ойшылдан: «Сіз қандай ұстазсыз?» деп сұрағанда, ол: «Сен менің шәкірттерімді көр», — деген екен. Сол секілді ҚазҰУ шәкірттері — еліміздің ең үздік мамандары, өз ісінің шеберлері.
Арман өзіңе сенгенде туады. Мен де өз арманыма сенемін. ҚазҰУ — менің арманымның бейнесі.