Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керектігін түсіндіру

Қызылорда облысы • Сырдария ауданы • Тереңөзек кенті

№210 О. Әбілпаттаев атындағы толық емес шағын орталық тобы

Тәрбиеші: Қонырбаева Орынгүл Сұлтанбекқызы

Сабақ тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Сабақтың мақсаты

  • Отанды сүюге, Қазақстанға деген патриоттық сезімді нығайту.
  • Астана — бас қала туралы түсінік қалыптастыру.
  • Ел тәуелсіздігін танытатын мемлекеттік рәміздер туралы білімін кеңейту.
  • Туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, елді өркендетуге білімді азамат керек екенін түсіндіру.

Қажетті көрнекі құралдар

  • Қазақстан Республикасының Туы
  • Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
  • Қазақстан Республикасының Әнұраны
  • Астана қаласының суреттері

Сабақтың барысы

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ. Қонаққа апайлар келіп отыр, сондықтан сабаққа белсенді қатысайық.

Тәрбиеші: Енді барлығымыз бірге «шаттық шеңберін» жасайық.

Күлімдеп күн күлімде, Жер жасарып көгерсін. Кешегіндей бүгін де, Қанат қақсын көгершін.

Тәрбиеші: Балалар, біз қай елде тұрамыз?

Балалар: Біз Қазақстанда тұрамыз.

Тәрбиеші: Біз қай қалада тұрамыз?

Балалар: Қызылорда қаласында тұрамыз.

Тәрбиеші: Біздің елордамыз қалай аталады?

Балалар: Астана.

Тәрбиеші: Дұрыс. Әр адамның өз Отаны болады. Отан — бұл туған жеріміз, тұратын ортамыз, отбасымыз. Ол — ата-мекеніміз, табиғатымыз, бізді қоршаған кең дүние.

Тәуелсіздік туралы естелік

1986 жылы Алматы қаласында ұлт-азаттық оқиға болды. Жастар орталық алаңға шығып, тәуелсіз ел, егемендік тілегін білдірді. Сол күндерде ерлік көрсеткен аға-әпкелеріміздің есімін құрметпен еске аламыз. Олардың қатарында Қайрат пен Ләззат сынды қаһармандар бар. Біз оларды ешқашан ұмытпауымыз керек.

Тәуелсіз ел болғанда Туымыз көкте желбіреп, тұғырымыз биіктеді. Сондықтан ел үшін еңбек еткен азаматтарды құрметтеу — баршамыздың парызымыз.

Астанаға «саяхат» (ойын түріндегі бөлім)

Тәрбиеші: Балалар, сендер Астанаға барып көрдіңдер ме? Қазір біз Астанаға саяхатқа шығамыз. Бүгін пойызбен барамыз.

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі.

Пойыз үні: Пуп-чик-чик, пуп-чик-чик, пуп-чик-чик...

Бәйтерек

Елордамыздың символына айналған сәулет нысаны.

Теміржол вокзалы

Адамдар алыс-жақын сапарға шығатын орын.

Ақорда

Мемлекет басшысы қызмет атқаратын резиденция.

Әуежай

Адамдар ұшақпен басқа қалаларға және елдерге жол жүретін орын.

Тәрбиеші: Астана қаласы ұнады ма?

Балалар: Иә, ұнады!

Қайту: Пуп-чик-чик, пуп-чик-чик...

Отан туралы тақпақтар

Отан — әжем, Отан — анам, «Туған жер!» — деп Ол бекерге аталмаған.

Жансезім

Төртеуі де «ботам» дейді, Ер-азамат — «Отан» дейді. Мақтанамын Отаныммен, Отаныма ботамын мен.

Алтынай

Отанды біз атамекен Деп аялап сүйеміз. Өйткені оны мекен еткен Бабамыз бен атамыз.

Нұрайым

Отанды жас та, кәрі де Туған жер деп сүйеміз. Өйткені онда бәріміз де Туып, өсіп, жүреміз.

Аяулым

Отанды әркім анасындай Қастерлейді бағалап. Өйткені Отан баласындай Бізді өсірер аялап.

Мағжан

Отан деген — атамекен, Отан деген — туған жер. Отан — ана, Отан — үлкен, Қазақстан — туған ел!

Ақнұр

Отан — менің ата-анам, Отан — досым, бауырым. Отан — өлкем, Астанам, Отан — туған ауылым.

Диана

Мақал-мәтелдер

Отан — отбасынан басталады.

Айбын

Отан қадіріне жетпеген — өз қадіріне жетпес.

Айбын

Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.

Миржан

Отан — оттан да ыстық.

Ерхан

Отансыздың оты да жанбайды.

Махан

Мемлекеттік рәміздер

Тәрбиеші: Балалар, рәміздерге нелер жатады?

Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Тәрбиеші: Тудың түсі қандай?

Балалар: Көгілдір. Онда күн бейнесі және қыран бүркіт бар.

Тәрбиеші: Өте жақсы!

Сергіту сәті: ару қыздарымыз «Шаңырақ» биін билеп береді.

Қорытынды және сұрақтар

Сабақ соңында балалар алған білімдерін пысықтайды.

  1. 1.«Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
  2. 2.Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар.
  3. 3.Біздің елордамыз қай қала?

Сабақтың қорытынды бөлігі: Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау.

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды.