Мынау менің жүрегім
Достық неден басталады?
Мақсаты
- Балалардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату.
- Бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен достаса білуге үйрету.
- Балалардың достық сезімін дамытуға ықпал ету.
- Сыйластыққа, әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Негізгі ой
Достық — жылы сөзден, шынайы көңілден және өзара қолдаудан басталады. Ол күнделікті кішкентай әрекеттер арқылы бекиді: тыңдай білу, уәдеңде тұру, көмек беру, әдеп сақтау.
Шаттық шеңбері
Балалар өлең жолдарын қимыл-қозғалыспен көрсетіп, көңілді күйге енеді.
Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді болып жүрейік. Күлкіменен күлейік. Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік.
Әңгімеге бағыттау
Тәрбиешінің сұрақтары
- Бүгін достық туралы түсінігімізді кеңейтеміз. Достық туралы ойларыңмен бөлісіңдер.
- Балалардың іс-әрекетін қалай түсіндіресіңдер?
- Қай баланы нағыз дос деп айтуға болады?
Қимылмен айтылатын шағын өлең
Мынау — менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау — басым ақылды, Бәрін осы басқарған. Мынау — менің сол қолым, Барлық істі атқарған.
Балалар өлеңді қимылмен көрсетіп орындайды.
Балалардың ой-толғаулары
Әр бала достықты өз сөздерімен сипаттап, өлең жолдарын мәнерлеп айтады.
Жарас
Досым арық өзімнен, Мен екі алсам, жүреді, Ол қызарып үнемі. Көріспесек екі күн, Білем дереу жетуін. Сөзге берік тұрады, Айтқан жерден шығады.
Ақбота
Аянбайды ауырдан, Аямайды бауырдан. Жұмыс десе тым құмар, Екі айттырмай тындырар.
Береке
Өзін жиі сеземін, Жатсынбайды адамды, Жақтырмайды жаманды. Қолғабысқа әрдайым, Менің досым — дап-дайын. Үсті-басы тап-таза, Міне, осындай досым бар.
Рамазан
Елгезекпін, ешкімге де, Өкпе-назым жоқ менің. Кішіпейіл, ақжарқын, Достарым да көп менің.
Рауан
Достарым — менің мақтанышым, Алдыңғы сапта жүргендер. Өнерде, білімде, спортта Намыс қорғай білетіндер.
Елдос
Тату өскен балалар Дос болады өмірде. Досы жоқтың қуанышы Аз болады көңілде.
Бейбарыс
Сабақ оқып, сурет салып, Ой бөлісіп жүреміз. Татулықтан тамаша, Жетістігін білеміз.
Айғаным
Су құйып ағаш түбіне, Өсіреміз, күтеміз. Көгалдандырып ауланы, Ерінбей еңбек етеміз. Неткен ғажап табиғат, Қарап, қайран қаламын. Сұлулығын көркемдеп, Қылқаламмен саламын.
Алихан
Көршім жаңбыр астында Қалғанымды көріп, Қолшатырын ұсынды — Достық көмек беріп. Көктемде, жазда, күзде емес, Қыста да бірге жүреміз. Өйткені жақсы өмірді Достықпенен сүреміз.
Жағымды елестету сәті
Музыка әуені ойналады. Балалар көздерін жұмып, жақсы ойлар мен жағымды көріністерді елестетеді. Бұл сәт достықтың жылуын сезінуге, бір-біріне мейіріммен қарауға көмектеседі.
Суретпен жұмыс және мақал-мәтелдер
Достық туралы мақал-мәтелдер
- Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар.
- Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.
«Қандай?» сұрағына мақалмен жауап
Адалдық, адамгершілік, достық, ізгілік туралы нақыл сөздер арқылы ой түйінделеді. Мысалы:
Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.