Термин сөздермен жұмыс
Сабақтың тақырыбы
Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
Сабақтың мақсаты (білімділік)
Оқушыларға Ассирияның табиғат жағдайлары, шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы, сондай-ақ Ашшур қала-мемлекеті туралы жүйелі мәлімет беру.
Сабақтың мақсаты (дамытушылық)
Логикалық ойлау, шешім қабылдау, қорытынды жасау, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)
Әділдікке, адамгершілікке, тарихи құндылықтарды құрметтеуге және сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі
- Суреттер
- Тірек-сызбалар
- Кестелер
Сабақтың форматы
- Сабақтың түрі: аралас сабақ
- Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың барысы
Кезең-кезеңімен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері.
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижені қысқаша нақтылау.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ойын: «Кім жылдам?»
Ұпай жүйесі бойынша сұрақтарға жауап беру
10 ұпай
Египеттіктер таңба-суреттерді қалай атады?
20 ұпай
Пирамидалар не үшін салынды?
30 ұпай
Египет перғауындары қандай көрші елдерді тонады?
10 ұпай
Египетті неліктен «қара жер» деп те атаған?
20 ұпай
Сақшылар мен шабармандардың қызметі қандай?
30 ұпай
Математика ғылымының шығуына қандай жағдайлар әсер етті?
10 ұпай
Ежелгі Египет өнері несімен ерекшеленді?
20 ұпай
Сфинкстерді неден жасаған?
30 ұпай
Египетте шонжарлар тобына кімдер жатты?
Тапсырма: «Тұлғаны таны»
Б.з.б. 1500 жылдар шамасында бір перғауын өз әскерімен Алдыңғы Азияға аттанды. Ол билік еткен кезеңде Сирияға 17 рет жорық жасаған.
Жауабы: Тутмос III
-
III. Жаңа сабақ
1) «Бетпе-бет» хабары
Тақырыпқа кіріспе, негізгі сұрақтарды нақтылау.
2) Термин сөздермен жұмыс
Негізгі ұғымдарды бекіту, қысқаша түсіндіру.
3) Сабақты қорытындылау
Қорытынды сұрақтар мен кері байланыс.
Жаңа сабақтың жоспары
-
Географ
Табиғат жағдайлары
-
Әлеуметтанушы
Шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы
-
Тарихшы
Ассирия мемлекетінің құрылуы
-
Саясаттанушы
Ашшур қала-мемлекеті
Географ: табиғат жағдайлары
Вавилонның солтүстігінде пайда болған ірі мемлекеттердің бірі — Ассирия. Ол қазіргі Ирак мемлекетінің солтүстік-шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл аймақта Қосөзеннің оңтүстігімен салыстырғанда құнарлы жазықтар аз болды. Тек Тигр өзені мен оған құятын Үлкен және Кіші Заб өзендерінің аңғарларында шағын жазықтар кездесетін. Өлкенің негізгі бөлігі таулы әрі үстіртті болды.
Әлеуметтанушы: шаруашылық және қоғам
Ассирия шаруашылығында мал бағудың маңызы зор болды. Жылқы көлік ретінде де, әскери күштің бір бөлігі ретінде де пайдаланылды. Ассириялықтар тасты құрылыс ісінде кең қолданған халықтардың бірі саналады.
Қоғамдық өмірде рулық-қауымдық құрылыс белгілері ұзақ сақталды. Отбасында әке басты рөл атқарды, ал үлкен ұл мұраның басым бөлігін иеленді. Соғыстар жиі болғандықтан, жауынгерлердің беделі ерекше жоғары болды.
Тарихшы: мемлекет қалыптасуы
Ассирия жеріндегі ежелгі елді мекендер уақыт өте келе шағын мемлекеттерге айналды. Мемлекеттік маңызы бар мәселелерді көбіне ақсақалдар кеңесі шешті. Алайда Ассирия ұзақ уақыт бойы көршілес ірі мемлекеттердің ықпалында болды: Хаммурапи тұсында Вавилонға тәуелді еді.
Саясаттанушы: Ашшур қала-мемлекеті
Б.з.б. XV ғасырда Ашшур қала-мемлекеті күшейе бастады. Бұған ең алдымен көрші мемлекеттердің әлсіреуі әсер етті. Ашшурда әскербасылар мен көпестердің рөлі артты. Соларға сүйенген билеуші билікті өз қолына шоғырландырып, патшаға айналды. Ал оның патшалығы «Ассирия» деп аталды.
Ассирия билеушілері әскери істі және соғыс өнерін дамытуға ерекше мән берді. Ассириялықтар өткел бермейтін өзендерден де жылдам өте алатын, күтпеген жерден тосын соққы беруге бейім әскери тәсілдерді қолданды.
Термин сөздермен жұмыс
Сфинкс Иероглиф Папирус Перғауын Пирамидалар -
-
Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасы
Қорытынды
Тақырыпты қайталап оқу, негізгі ойларды жинақтап, Ассирияның табиғи орта, шаруашылық және саяси ұйымының өзара байланысын түсіндіру.
Үй тапсырмасы
- Тақырыпты оқу.
- «Ежелгі Ассирия мемлекетіне саяхат» тақырыбында әңгіме жазу.