Күн бол
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп және мұғалім
- Қала
- Қызылорда
- Білім беру ұйымы
- №112 орта мектеп
- Мұғалім
- Балғабаева Перизат Мұратқызы (бастауыш сынып мұғалімі)
Тақырып және формат
- Сабақтың тақырыбы
- Зат есім
- Типі
- Жаңа білімді қалыптастыру
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ
- Жұмыс түрлері
- Топтық, жұптық, жеке жұмыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға зат есім туралы түсінік беру, проблемалық әдіс арқылы зат есімнің өзіндік ерекшеліктерін таныту.
Дамытушылық
Зат есімнің ерекшеліктерін меңгерте отырып, өзіндік жұмыс істеу және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Қолданылатын құралдар мен тәсілдер
Көрнекілік
- Слайдтар
- Тірек сызбалар
Әдіс-тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлау (СТО) стратегиялары.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Сабаққа психологиялық дайындық жасалып, оқушылардың зейіні шоғырландырылады.
2) Топқа бөлу (Мағжан өлеңі арқылы)
«От бол!» — дедің, от болып жанбадым ба?
«Су бол!» — дедің, су болып ақпадым ба?
«Күн бол!» — дедің, мен күндей күлмедім бе?
«Ай бол!» — дедің, ай болып жүзбедім бе?
Мағжан Жұмабаев
«От» тобы
Сабақ барысында жігермен «жанып», білімдеріңді батыл көрсетіңдер.
«Су» тобы
Судай мөлдір, таза оймен жұмыс істеп, білімдеріңді шыңдаңдар.
«Күн» тобы
Күндей жылу шашып, үйренгендеріңді сыныптастарыңмен бөлісіңдер.
«Ай» тобы
Айдай жарық болып, баршамызға сенімді бағыт-бағдар беріңдер.
3) Слайдпен жұмыс: сөздерге сұрақ қою
Гүл күлтешелеріндегі сөздерді оқып, әр сөзге сұрақ қойыңдар:
Түсіндіру
Дүниетану сабағынан біз айналадағы дүниеге табиғаттағы заттар, табиғи құбылыстар және адам қолымен жасалған дүниелер жататынын білеміз. Ендеше, берілген сөздерді негізгі белгілеріне қарай жинақтайық.
Мысал бойынша топтастыру
- Нан — тағам атауы
- Жаңбыр — табиғи құбылыс атауы
- Құс, өсімдік, адам — зат атаулары
- Балға — тұрмыста қолданылатын зат атауы (қосымша мысал)
- Жер, су — табиғатқа қатысты атаулар (қосымша мысал)
Осы байқағандарыңа сүйеніп, біз қай сөз табы туралы айтқалы отырмыз? Зат есім.
4) Ережені шығару: зат есімнің түрлері
Мағынасына қарай
- Жалқы есім
- Жалпы есім
Тұлғасына қарай
- Негізгі зат есім
- Туынды зат есім
5) Кітаппен жұмыс: 1-тапсырма
Мәтінді оқыңдар.
Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов — ұлы ғалым, ағартушы, философ, жиһанкез. Ол Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Кейін Көкшетауға көшіп барып, балалық шағы Сырымбет тауының етегінде өткен. Әкесі Шыңғыс аға сұлтан болған.
Топтық жұмыс
- «От» тобы: мәтіннен жалпы есімдерді табыңдар.
- «Су» тобы: мәтіннен жалқы есімдерді табыңдар.
- «Күн» тобы: мәтіннен негізгі және туынды зат есімдерді тауып жазыңдар.
6) 2-тапсырма: жеке жұмыс
Мәтінді көшіріп жазып, зат есімдердің астын сызыңдар.
Құндыз — ғажап, қызық аң. Ол жуан ағаштарды жығады. Өздеріне керемет үйшік жасайды. Құндыздың терісі өте бағалы.
7) 3-тапсырма: шығармашылық жұмыс
Мәтіндегі «Құндыз» сөзін бес жолды өлең (синквейн) түрінде өрнектеңдер.
Бағдар (5 жолды өлең үлгісі)
- 1 сөз — тақырып (зат есім)
- 2 сөз — сипаттау (сын есім)
- 3 сөз — әрекет (етістік)
- 4 сөзден тұратын сөйлем — ой түйіні
- 1 сөз — қорытынды/синоним