Кісенге құрықталған құлын құсап

Асқар шыңға қол созған азаппенен.
Алтын басты арландай ғажап, ерен.
Қашап салған шебердің мүсініндей.
Ұлт туылды ұлы боп Қазақ деген.

Сары арқа сал - сері сәні ме еді.
Мойынқұмды тербеген әні ме еді.
Талай талант тумастан кетер ме еді.
Ту тікпесе Керей мен Жәнібегі.

Расында бақтың салмағы салмағы бар.
Сондықтан ажалдың өз алмағы бар.
Тату елдің бұзылды тыныштығы.
Қылыш сайлап қияда қалмағы бар.

Тағдыр салса, қарамас тоңғаныңа.
Қаңбақ - ырыс, жолдас боп қонғанына.
Құйрығына жармасып, берекенің.
Кез боп шықты кесірмен жоңғарына.

Көңіл төгіп, күйменен күздің жасын.
Жырау жоқтап бастайтын сөздің басын.
Алты Алаштың ардағы Абылайлап.
Қосқан еді үш бөлек жүздің басын.

Ия, солай жалғады керуенін.
Жараға жыл, уақыт та беруде емін.
Қыз Жібекті Төлеген аңсап күнде.
Ғашық еркін салатын серуенін.

Айналдырып ол күнді елесіне
Ерік кетті өткеннің кемесіне.
Кісенге құрықталған құлын құсап.
Құл болып тағы қалды КЕҢЕСІНЕ.

Жиылып желтоқсанда жау етегі.
Жастан - жыр, қаннан қызыл бау етеді.
Сілкіп тастап тарихты желбіреген.
Көк туға осынау жұрт тәу етеді.

Қалайша санамайсың мұны ғажап!
Ұрпағым, тегім менің, ұлым азат!
Ғасырдың жұтылмаған тозағына.
Ұлы дала, Ұлы ел, Ұлы қазақ!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевчкенко қаласы, Баутин ауылы,
"Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі
Г. Байсеитова



Ұқсас жұмыстар

Төрт түлік
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттер туралы
Қазақтың ұлттық киімдері жайында материал
Қазақтың ұлттық киімдері туралы мәлімет
Балалар әдебиетінің атасы
Әйел киімдері
Қазақ халқы және төрт түлік мал
Ересектерге арналған киімдер
Қазыбек би Келдібекұлы
Қазақтың атақты биі - Қазыбек
Кен шебері курсын бітіріп, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы Құлынжон (Құлажон) кеніштерінде кен шебері болып жұмыс істеді
Құлынның түсі ала
Биені құлындатуды ұйымдастыру
Жас құлындарды өсірудің ерекшеліктері
Денсаулық еліне саяхат Құлыншақ тобында ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы
Сұр құлын жоқ алдында - Жалбыраған жабағы
Әбдірахман Өлмесқұлының батасыА, Құдайым, оңдасын, Оңдағанның белгісі, Қайырлы етіп басыңаБақ пен Қыдыр орнасын
Оқушыны Өтепберген Ақыпбекұлының Мен таңдайтын мамандық
Жылқы сүйеді баласын құлыным деп, Тұлпар болып жүгірер жұрыным
Дос болсайшы құлыншақ, Мен сияқты баламен