Жануарларға байланысты жаңа сөздерді, сөйлемдерді қолдануға үйрету
Сабақ туралы жалпы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- At the Zoo
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың әдісі
- Шағын топпен жұмыс, ойталқы, әңгімелеу
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі, биология
- Көрнекіліктер
- Қима қағаздар, суреттер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Жануарлардың түрлері туралы мәлімет беру.
- Жануарларға байланысты жаңа сөздер мен сөйлемдерді қолдануға үйрету.
Дамытушылық
- Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.
- Ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту.
- Сөздік қорын молайтып, еркін сөйлеуге төселдіру.
Тәрбиелік
- Жануарларды қорғауға және жанашырлыққа тәрбиелеу.
- Жануарларды күтіп-баптаудың маңызын түсіндіру.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар жаңа тақырып бойынша білім алады.
- Пән бойынша дүниетанымы кеңейеді.
- Алып келген білімін жүйелей алады.
- Ағылшын тілінде ойлау және сөйлеу қабілеттері дамиды.
Сабақтың жоспары
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын сұрау
- Жаңа сабақты түсіндіру
- Сабақты қорыту
- Үй тапсырмасын беру
- Бағалау
Сабақтың барысы
I. Organization moment
Сәлемдесу, кезекшімен жұмыс, қатысымды тексеру, күн мен датаны айту.
- Good afternoon, boys and girls! Sit down, please.
- Who is on duty today?
- Is anybody absent?
- What can you say about this day?
- What date is it today?
- Thank you. Let’s start our lesson.
Warm-up activity (Chant)
We go to the Zoo
We go to the Zoo
Tomorrow, on Sunday
We go to the Zoo
Tomorrow, tomorrow
We go to the Zoo
There is a zebu there
And a zebra, too
A bear and a monkey
And a kangaroo.
II. Work with the book
Жаңа тақырып: At the Zoo. Хайуанаттар бағы және жабайы жануарлар туралы әңгіме.
Бүгінгі сабақта біз хайуанаттар бағына “барамыз”. Хайуанаттар бағында қандай жануарлар болады? Оқушылардың жауабы: жануарлар. Олар үй жануарлары ма, әлде жабайы жануарлар ма? Дұрыс жауап: жабайы жануарлар.
Ағылшын тілінде “жабайы жануарлар” — wild animals.
New vocabulary
Мұғалім сөздерді оқиды, оқушылар хормен қайталайды.
- a lion — арыстан
- a kangaroo — кенгуру
- an eagle — бүркіт
- a giraffe — керік
- a monkey — маймыл
Letter focus: Mm
Оқушылар Mm әрпімен танысады: moon, monkey, mummy.
III. Physical minute
Сергіту сәті: қимыл-қозғалыс арқылы демалу және көңіл-күйді көтеру.
Pupils, are you tired? Do you like dancing? Now let’s rest. Let’s do our physical exercise. Look at the computer and repeat after the teacher.
IV. Doing exercises
Жаңа сөздерді бекітуге арналған тапсырмалар.
Exercise 1
Find the word and circle: Сканвордтағы сөздерді тауып, дөңгелете айналдыра сызу.
Exercise (resource)
“At the Zoo” тақырыбы бойынша қосымша материалды жүктеп, тапсырмаларды орындау.