Отбасын құрайтын сіздер аналар
Еңбек ардагерлері және ардақты аналар кеші
Бұл мерекелік іс-шара 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналады. Кештің мақсаты — еңбек ардагерлерін, ардақты аналарды құрметтеп, олардың қоғамдағы және отбасындағы орнына тағзым ету.
Құттықтау сөз
Құрметті аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, немере-шөбере сүйіп, қуанышқа бөлене берулеріңізді тілейміз.
Арым да, ардағым да — анам екен,
Ана деген — адамға атамекен.
Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүті,
Жүрегіңде жыр болып жатады екен.
Осы өлең жолдарын арқау ете отырып, сіздердің құрметтеріңізге «Анашым» әнін ұсынамыз.
Ардақты аналар — өмірдің шуағы
Анасыз өмір — өмір ме? Көңілге медеу, жүрекке жылу беретін де — ана. Ғасырлар бойы өмірдің небір қиын-қыстау кезеңдерінде әйел-ана табиғи құдіретті қасиетін сақтап, тіршілік үшін табанды да қажырлы күрескер бола білді.
Қазақ халқы көне заманнан бері ананы, қыз баланы ерекше қадірлеп, құрмет тұтуды берік дәстүрге айналдырған. Мұны халық даналығы да айқындайды:
«Алып анадан туады»
«Ана алдында — құрмет, ата алдында — қызмет»
«Мейірімі мол ананың — жүрегі жылы, қолы кең»
«Анадан артық дос бар ма, ашудан жаман қас бар ма»
Өнер нөмірлері
Үнді биі
5 «Д» сынып оқушылары _____________________ және _____________________ үнді биін билейді.
Шығыс биі
«Анам, анам, анашым…» — демекші, _____________________ орындауындағы шығыс биін тамашалаңыздар.
Қыздар тобының биі
«Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым — бір түнгі тәтті ұйқыңнан садаға» — дей отырып, сіздерге арнап қыздар тобының биін ұсынамыз.
Күй
Айдардың орындауындағы күйді тамашалаңыздар.
Ананың болмысы туралы толғаныс
Аналарда үлкен адамгершілік пен зеректік қана емес, қайраттылық, өткірлік, қаһармандық мінез де бар. Ана — елдің намысын жыртып, халықты ерлікке, батылдыққа, бірлікке жетелейтін биік тұлға.
Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі — тіл жетпес терең теңіз. Шырылдап дүние есігін ашқан сәттен бастап-ақ ең жақын жан, ең сенімді дос, ең алғашқы ұстаз — ол ана.
Есімде түнде тұрып тербеткенің,
Есімде ақ сүтіңмен ер жеткенім.
Бір өзің сәби көріп елжірейсің,
Кетпейді-ау құлағымнан жөргектегі үн.
Аяулы асыл жандардың көңіліне қаяу, қабағына кірбің жоламасын. Өмірде тек жақсылық көріп, амандықта, берекеде болсын. Ананың, әйел қауымының құдіретіне бас иіп, құрмет көрсетеміз.
Аналармен сұхбат
Бұл бөлімде оқушылар аналарға жүрекжарды сұрақтарын қояды, естеліктер мен ой бөліседі.
1-сұрақ
Есіңізде қалған 8 наурыз мерекесі туралы айтып берсеңіз.
2-сұрақ
Қыз тәрбиесіне қалай қарайсыз? Қандай құндылықтарды жоғары қоясыз?
Қорытынды
Жарық пен жылу жоқ жерде тіршілік мәнін жоғалтады. Сол жарықтың көктегі көзі — күн болса, жердегі көзі — «атыңнан айналайын» Ана. Ананың мейірімін қадірлей алмаған елдің де, отбасының да берекесі баянды болмайды. Отбасының ұйытқысы — сіздер, аналар.
Бүгінгі кездесуге келгендеріңіз үшін көп-көп алғысымызды білдіреміз. Құрметіміздің белгісі ретінде сіздерге шағын сыйлығымызды тарту етеміз.
Кеш соңы.