Зат есімнің көптік жалғаулары

Сабақ туралы жалпы ақпарат

Пән / Сынып

Қазақ тілі, 2-сынып

Тақырып

Зат есімнің жекеше және көпше түрі

Сабақ түрі

Саяхат сабақ (интерактивті тақтамен)

Мақсаты

  • Білімділік: зат есім туралы алған білімді саралау, жинақтау және тереңдету.
  • Дамытушылық: тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін және шығармашылық қабілетін жетілдіру, сауатты жазу дағдыларын күшейту.
  • Тәрбиелік: оқушыны адамгершілігі мол тұлға ретінде қалыптастыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1–2 слайд

Тақтада қыстың суреті көрсетіледі. Мұғалім оқушыларды сәлемдесуге шақырады: «Сәлем — сөздің атасы. Ендеше, бәріміз амандасайық».

Оқушылар хормен

Сәлеметсің бе, алтын күн,

Сәлеметсің бе, көк аспан.

Сәлеметсің бе, жер-ана,

Сәлеметсіздер ме, қонақтар,

Сәлеметсің бе сен,

Сәлеметпін мен.

Сабақтың тақырыбы таныстырылады: «Зат есімнің жекеше және көпше түрі». Мақсаты түсіндіріледі. Сұрақтар арқылы әңгіме жүргізіледі: «Мектепке келе жатқанда ауа райы қандай болды? Қазір қандай жыл мезгілі?»

Саяхатқа шақыру

3–4 слайд

Оқушылар «Қыс» тақырыбын анықтайды. Мұғалім: «Қыста табиғатқа саяхатқа шығып көрдіңдер ме? Бүгін біз білімімізді тексеру үшін табиғатқа саяхат жасаймыз. Жолда түрлі бөгеттер кездеседі, сол тапсырмаларды орындауымыз керек», — деп бағыт береді.

Өзіңді тексер

  1. Өзің білетін сөз таптарын ата.
  2. Зат есім қандай сөз табы?
  3. Жалқы және жалпы зат есім туралы не білесің?
  4. Зат есімнің көптік жалғауларын ата.

Мұғалім: «Енді көздеріңді жұмып, саяхатқа шыққанымызды елестетейік. Қысқы саяхатқа қандай заттарды алған дұрыс?» — деп ой қозғайды.

Жұмбақ арқылы тапсырма

5–6 слайд

Жұмбақ 1

Зулап түстім төменге,
Шықпас менсіз төбеге.

Жұмбақ 2

Қос аяққа байладым,
Таудан-тауға зырладым.

Жауабы: шана, шаңғы.

  • Сөздерге сұрақ қою.
  • Қай сөз табына жататынын анықтау.
  • Көптік жалғауын жалғап айту.
  • Дыбыстық талдау жасау.

Өзеннен өту: жалқы және жалпы есім

7 слайд

Тақтада қысқы өзеннің суреті көрсетіледі. Өзеннен өту үшін оқушылар сөздерді жалқы және жалпы есімдерге бөліп жазады.

Берілген сөздер

Шелек, гүл, Арман, Болат, кезекші, сауыншы, Есіл, Астана, Екібастұз, дәрігер, Құлагер, Ақтөс, мұғалім, бөлме, құрылысшы.