Ендігі кезек әділ қазыларда

Күзгі бал

Мектептегі дәстүрлі кештің жүргізушілер сценарийі

Көркем сөз, байқау кезеңдері, қатысушылар мен қазылар алқасы

Вальс Өнер Аспазшылық Экибан

Кештің ашылуы

1-жүргізуші (орысша)

Добрый вечер, дорогие друзья! Сегодня в этот зал нас пригласила романтическая, загадочная, чарующая, непредсказуемая и величественная госпожа Осень.

И снова осени портрет
Природа вешает в гостиной
Под звуки песни журавлиной,
Под листьев золотистый свет.

Осень — сказочный чертог,
Всем открытый для обзора.
Просеки лесных дорог,
Заглядевшихся в озера.
Как на выставке картин —
Залы, залы, залы, залы
Вязов, ясеней, осин
В позолоте небывалой.

2-жүргізуші (қазақша)

Қайырлы кеш, достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтімен, күзгі гүлдердің керемет жұпарымен, жиналған жемістердің жарқын да әсем көркімен және күзге тән ойлы да қуанышты көңіл күймен қарсы алуға шақырды.

Армысыздар, ағайын, құрбы-құрдас,
Бармысыздар, жан күйер әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық!

Құрметті көрермендер, дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!

Бізде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!

Кештің мақсаты

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі басқосудың басты мақсаты — дәстүрлі Күзгі бал сайысында Ханзада мен Ханшайымды анықтау.

Жүргізушінің шақыруы

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде атар жаңа таңбыз.
Жан сұлулығы мен тән сұлулығын тепе-тең ұстап,
Еріксіз өзімізге қаратамыз.

Ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз!

Қатысушыларды таныстыру

Әр сыныптан бір жұптан сахнаға шақырылады (аты-жөні іс-шарада нақты көрсетіледі).

1-жұп

9 «А» сыныбы

2-жұп

9 «Б» сыныбы

3-жұп

10 «А» сыныбы

4-жұп

10 «Б» сыныбы

Әділқазылар алқасы

Әділқазы береді — өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді — кім өнерлі, кім мықты?

  • Төрайым

    Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  • Мүше

    Мектеп мұрағатшысы

  • Мүше

    Мектептің би үйірмесінің жетекшісі

Көп сөйлеп, жөн-жобадан аспайық.
Қандай сайыс болса да, қашпайық.
Ендеше, рұқсат етсеңіздер, жұптар сайысын бастайық!

Байқау турлары

Орыс тіліндегі нұсқа

  • 1-тур: Бальный танец3 минут
  • 2-тур: Свой талант3 минут
  • 3-тур: Дары осени (салаты)3 минут
  • 4-тур: Мода. Экибан5 минут

Қазақ тіліндегі нұсқа

  • 1-тур: Күзгі вальс3 минут
  • 2-тур: «Өнерің өрге жүзсін»3 минут
  • 3-тур: «Көңілді аспазшылар» (салат)3 минут
  • 4-тур: «Мода. Экибан»5 минут

Әділқазылар алқасы жұптарды әр тур сайын бағалайды.

Снова осень — и нет спасения от нахлынувшей красоты.
И вернувшись к нам на мгновения — осень, бальные танцы и мы.

1-тур: «Күзгі вальс»

Сайысымыздың алғашқы кезеңі — Күзгі вальс. Ортаға жұптар ретімен шақырылады.

Ортада: 9 «А»

1-жұп

Ортада: 9 «Б»

2-жұп

Ортада: 10 «А»

3-жұп

Ортада: 10 «Б»

4-жұп

2-тур: «Өнерің өрге жүзсін»

Он саусақтан өнер тамған шебер болу — керемет.
Өлең айтып, би билеп, қолөнер жасап жатсаң — көркемет!
Өнеріңді көрсетші, құрбыларым, қанекей!
Ендеше, жұптарға сөз берейік.

Әр жұп өздері дайындап келген өнерін ортаға салады (ән, би, көрініс, аспапта орындау, қолөнер және т.б.).

9 «А» — өнер көрсету

9 «Б» — өнер көрсету

10 «А» — өнер көрсету

10 «Б» — өнер көрсету

3-тур: «Көңілді аспазшылар»

Бұл турдың шарты: сайыскерлер күздің молшылығын таныту үшін үйден түрлі күзгі тағам, әсіресе салат түрлерін дайындап әкеледі. Ұсыну мәдениеті мен шығармашылық идея бағаланады.

9 «А» — тағам таныстыру

9 «Б» — тағам таныстыру

10 «А» — тағам таныстыру

10 «Б» — тағам таныстыру

4-тур: «Мода. Экибан»

Модель болу оңай ма? Қиналсаң — мұңайма.
Әр мамандық өзгеше — өз мәнінде, өз шырайда.

Бұл — Күзгі балдың ең соңғы қорытынды кезеңі. Жұптар күзгі стиль, композиция, экибан және образ тұтастығын көрсетеді.

9 «А» — сән көрсетілімі

9 «Б» — сән көрсетілімі

10 «А» — сән көрсетілімі

10 «Б» — сән көрсетілімі

Қорытынды және марапаттау

2-жүргізуші

Жеңіс пен жеңілістен тұратын — өмір күрес, жеткізер мұратқа.
«Жеңбедім» деп жабықпа: қатысудың өзі — жеңіс, соны ұқ.
Күзгі бал байқауын қорытындылау үшін әділқазылар алқасына азғана уақыт береміз. Ендігі кезек — әділқазыларда!

1-жүргізуші

Сейчас мы должны дать жюри время для подведения итогов. Теперь они решают всё!

Жеңімпаздарды шақыру

Осылайша, Күзгі бал сайысы өз мәресіне жетті. Өткен жылғы жеңімпаздар — Жолшаров Айбар мен Бекжанова Данагүл — қошеметпен ортаға шақырылады.

Қоштасу сөзі

Вот и подошёл к концу наш сегодняшний Осенний бал. Пусть за окном бушует ветер и шумит дождь — мы надеемся, что, несмотря на лёгкую грусть расставания, у всех сохранится хорошее настроение. Сегодня вы прикоснулись к прекрасному, а впереди нас ждёт ещё много удивительных праздников. До новых встреч, дорогие друзья!

Тіршілік — арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде, онсыз да қиын, жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда.
Ұстазым менің, достарым менің — бәріңіз аман болыңыздар!

Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды. Көріскенше, қош сау болыңыздар!