Елтану тақырыбында сыныптан тыс шаралар ұйымдастыру

Түсінік хат

10-сыныпқа арналған «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курс бағдарламасы оқушылардың Ұлыбритания мен АҚШ-тың саяси құрылымы, мәдениеті, білім беру жүйесі және экономика негіздері туралы білімдерін толықтыруға бағытталған. Сонымен қатар, курс жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық таңдауына бағдар беруге мүмкіндік жасайды.

Бағдарлама Қазақстан мен Ұлыбританияның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып, олардың тарихын тереңірек тануға негізделген. Оқушылар ағылшын тілі сабақтарында меңгерген білімдерін жүйелеп, «Culture», «The Land and the People», «Education» сияқты тақырыптар арасындағы байланыстарды зерттеп, талдайды.

Курсты оқыту барысында ағылшын тілі пәнінен алынған материалдар кеңінен қолданылады: «The United Kingdom of Great Britain», «Geography», «Culture», «Nature» және басқа да бөлімдер.

Курс туралы қысқаша мәлімет

Сынып
10-сынып
Жалпы көлемі
34 сағат
Бағыты
Елтану (Ұлыбритания және АҚШ): саяси құрылым, мәдениет, білім, экономика, география

Курс мазмұны

Елтану курсы 6 тараудан және қорытынды бақылау бөлімінен тұрады. Жалпы көлемі — 34 сағат.

I тарау — The Land and the People

Ел, халық, негізгі ерекшеліктер

12 сағат

II тарау — Education and Culture

Білім беру және мәдениет

4 сағат

III тарау — Sport

Спорт және қоғам

3 сағат

IV тарау — The USA. The History of America

АҚШ тарихының негізгі кезеңдері

5 сағат

V тарау — Geography and Climate. Population and Cities. Industry and Agriculture. Political System

География, климат, халық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, саяси жүйе

5 сағат

VI тарау — Education. Sport. Traditions

Білім, спорт, дәстүрлер

2 сағат

Тест тапсырмалары

Аралық және қорытынды бақылау

3 сағат

Курстың мақсаты

Елтану қолданбалы курсын оқыту барысында оқушылардың өзіндік білімін кеңейту, теориялық білімді практикамен ұштастыру, ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту және Ұлыбритания туралы білімін тереңдетуге бағыттау.

Курстың міндеттері

  • Ағылшын тілі сабақтарында алған білімді қолданбалы курста тереңдетіп, оны болашақта тиімді қолдануға тәрбиелеу.

  • Оқып жүрген тілдің елі, салт-дәстүрі, мәдениеті, көршілес елдері және саяси құрылымы туралы тақырыптарды меңгерту арқылы оқушыларды өз бетімен білім алуға жетелеу; сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдаланып, қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Оқушылардың өздігінен білім алуды үздіксіз жалғастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

Оқыту процесіндегі жұмыс түрлері

  • Ағылшын тілінде лекциялық және практикалық сабақтар
  • Оқушылардың өз бетімен жұмысы
  • Рефераттар мен баяндамалар дайындау
  • Қосымша материал жинау: кітаптар, газет-журналдардан ақпарат іздеу
  • Альбом, тірек-сызба, кесте, кітапша дайындау және постер құру
  • Елтану тақырыбында сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру
  • Пысықтау, талқылау және бақылау сабақтарын өткізу

Күтілетін нәтиже

Сөздік қор және лексика

Сөздік қоры артып, сөздің қолданылу ережелерін мәнмәтінге сәйкес дұрыс қолдана алады.

Тыңдалым

Мәтіннің дұрыс дыбысталуына және мағынасына назар аударып, тыңдағанын өз сөзімен жеткізе алады.

Тілдік дағдылар

Оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау дағдыларын жүйелі түрде жетілдіреді.

Өзіндік оқу мәдениеті

Өз бетінше үздіксіз ізденіп, қалай оқу керектігін ұғынады және жеке оқу траекториясын қалыптастыруға қадам жасайды.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Мустанова Марал