Оқушыларға бұлшық еттің негізгі топтарын, бұлшық еттердің маңызын түсіндіру
Сабақтың тақырыбы
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы (8-сынып).
Негізделген оқу мақсаты
Оқушыларға бұлшық еттің негізгі топтарын және бұлшық еттердің маңызын түсіндіру. Бұлшық еттердің атқаратын қызметін салыстыру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру және үш тілде терминдерді қолдануға бағыттау.
Оқыту мақсаттары
- Барлық оқушылар: бұлшықеттер мен олардың типтері туралы оқиды, құрылысы және маңызы туралы білім алады.
- Оқушылардың басым бөлігі: бұлшықеттердің маңызы мен қызметін түсіндіре алады.
- Кейбір оқушылар: бұлшық еттердегі ерекшеліктерді талдап, салыстырады.
Тілдік мақсат
Оқушылар біледі
Бұлшықеттердің негізгі топтарын және олардың ағзадағы рөлін.
Негізгі сөздер мен тіркестер (3 тілде)
Диалог және жазылымға арналған тірек
Талқылауға арналған тармақтар
- Бұлшықеттердің құрылысы
- Бұлшық ет типтері
- Бұлшықеттердің маңызы
Жазылым бойынша ұсыныс
Бұлшықеттердің негізгі топтарына бас және мойын, тұлға және аяқ-қол бұлшықеттері жатады.
Сабақ барысы
Басталуы (Білу)
Ұйымдастыру- Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Бір-біріне сәттілік тілеу.
- Қаңқа бөлімдері бойынша 4 топқа бөлу:
1-топ
Бассүйек
2-топ
Иық сүйектері
3-топ
Қол сүйектері
4-топ
Аяқ сүйектері
- Топ басшысын таңдау, топ ережелерін сақтау.
- Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Үй тапсырмасын қайталау
ТексеруҮлестірме қағаздар арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Әр топқа өзіне тән тапсырма беріледі:
1-топ
Графикалық диктант
2-топ
Сандық лабиринт
3-топ
«Ойлан тап»
4-топ
Тест тапсырмалары
Ортасы (Түсіну)
Белсендіру
- Бұлшықеттер туралы бейнефильм көру.
- Бір оқушыны тақтаға шығарып, гантель көтерту арқылы қол бұлшықеттерінің жұмысын көрсету.
Тақырыпқа шығу
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы».
Қолдану (Ой қозғау)
СтратегияСұрақ
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?
«Ойлан – жұптас – талқыла»
Оқушылар жеке ойланып, жұппен талқылап, кейін топ ішінде ортақ жауап ұсынады.
Топтық тапсырмалар (оқулықпен жұмыс)
1-топ
Бұлшық еттердің маңызы
2-топ
Бұлшық еттердің құрылысы
3-топ
Бұлшық еттердің топтары: бас және мойын бұлшық еттері
4-топ
Тұлға және аяқ-қол бұлшық еттері
Нәтиже
Оқушылар бұлшық еттердің құрылысы мен типтерін, негізгі топтарын және ағзадағы маңызын түсіндіріп, мысалдар арқылы дәлелдейді.
Тақырып: бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы.