Бейнелеу түрлерін ата

Сабақтың тақырыбы

Суық гаммада 1–2 заттан құралған қойылым этюді.

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі

Аралас.

Сабақтың әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, жұмбақ шешу, Венн диаграммасы, криптограмма.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Жалпы түстер, түстің ерекшелігі, түс гаммасы, жылы және суық түстер туралы білім беру.

Дамытушылық

Оқушының ой-өрісін, есте сақтауын, қиялын және көре білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Бейнелеу өнері түрлері арқылы эстетикалық тәлім-тәрбие беру.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Көрнекілігі

  • Тақырыбы жазылған плакат.
  • 4 кезең бойынша салынған суық түсті натюрморт.
  • Суық түсті натюрморт қойылымы.
  • Суық түстерге қатысты сурет үлгілері.

Құрал-жабдықтар

  • Қарындаш, өшіргіш.
  • Альбом, A3 қағазы.
  • Қаламұш, гуашь және т.б.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды әзірлеу.
  2. 2 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  3. 3 Оқушыларды екі топқа бөлу: 1-топ: Ә. Қастеев
    2-топ: А. Ғалымбаева
  4. 4 Жалпылама сұрақтар арқылы білімді тексеріп, өткен сабақты қайталау.

II. Қайталау сұрақтары

1) Бейнелеу өнерінің түрлерін ата.

Графика, живопись, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, сәулет өнері, дизайн.

2) Бейнелеу өнері жанрларының қандай түрлерін білесіңдер?

Портрет, натюрморт, пейзаж, маринистік, анималистік.

3) Гуашь дегеніміз не?

Француз тілінен алынған атау. Акварельмен салыстырғанда мөлдір емес, қою бояу.

4) Үйлестірудің мағынасын түсіндір.

Бұл — композиция. Латын тілінен аударғанда «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген мағына береді.

5) Жылы түстерге қандай түстер жатады?

Сары, қызыл, қызғылт сары.

III. Жаңа тақырып: жылы және суық түстер

Бүгінгі сабақта түстер туралы, оның ішінде жылы және суық түстер туралы кеңінен танысамыз. Тақырыпты меңгере отырып, суық гаммада натюрморт орындаймыз.

Табиғатта кездесетін түстер негізінен үш негізгі түске сүйенеді. Осы түстерді араластыру арқылы қосымша түстер алынады. Қосымша түстер өз кезегінде жылы және суық болып бөлінеді.

Суық түстер

Көк, жасыл, көгілдір, күлгін.

Жылы түстер

Сары, қызыл, қызғылт сары.

Түстердің қасиеттерін терең түсіну үшін кескіндемеде және сәндік өнерде көбірек жаттығып, сурет салып үйрену маңызды. Жануарлар мен өсімдіктер әлемінде де суық және жылы түстер үйлесімі кездеседі.

Жылы және суық түстердің әрқайсысы реңктерге бөлінеді. Реңк — бір түстің әртүрлі деңгейде түрленуі. Кез келген түстің көптеген реңкі болады. Егер реңкте көк, жасыл, көгілдір немесе күлгін басым болса, ол суық реңк деп есептеледі.

Маусымдар мысалы

  • Қыс: ақ қар, көгілдір мұз, суық ауа райы — қатаң әрі салқын көрініс береді.
  • Алтын күз: өсімдік әлемі сары, қызыл реңктерге еніп, жылы әсер тудырады.

Енді түсіндіруді тыңдай отырып, суық гаммада натюрмортты кезең-кезеңімен орындаймыз.

IV. Меңгеруді тексеру: Венн диаграммасы

Суық түстер

Көк, жасыл, күлгін.

Ортақ белгі

Жылдың төрт мезгілінде де жылы және суық түстер көрініс табады.

Жылы түстер

Сары, қызыл, қызғылт сары.

Венн диаграммасы арқылы суық және жылы түстердің ерекшеліктерін салыстырып білдік. Енді жұмысымызды жалғастырамыз.

V. Ой қозғау: жұмбақтар

1) Сырын ашты пышаққа, жұмыссыз мен қалдым деп. Мені жонып үшкірле, пайдам тисін адамға.

Жауабы: Қарындаш.

2) Жұмыс берсең оған, қарындаш бекер шаршамаған.

Жауабы: Өшіргіш.

3) Өнерге тән жаратқан, көкірегі кең аспан, барша жұртты қаратқан, бейнегер тым асқан.

Жауабы: Суретші.

4) Қимылдаса қос шебер, қыруар-қыруар іс өнер.

Жауабы: Екі қол.

VI. Бекіту: тест тапсырмалары

Тест №1

1) Қосымша сызықтар не үшін қажет?

  • а) Суретті құрастыру үшін.
  • ә) Суреттің сұлулығы үшін.
  • б) Заттың формасын шығару үшін.

2) Затқа түсіп тұрған ең жарық дақ қалай аталады?

  • а) Рефлекс.
  • ә) Жылт.
  • б) Жарық.

Тест №2

1) Қазақстанда бейнелеу өнерінде алғаш жол салған кәсіби суретші кім?

  • а) Ә. Қастеев.
  • ә) Ә. Ысмайылов.
  • б) М. Кенбаев.

2) Анималистік суретші нені бейнелейді?

  • а) Табиғатты.
  • ә) Жануарларды.
  • б) Адам тұрмысын.

VII. Қорытындылау

Оқушылардың жұмыстарын қарап, салыстырмалы түрде бағалау жүргізіледі.

Криптограмма

  1. 1 Егер жасыл немесе күлгін түс басым болса, онда реңктер суық түске жатады.
  2. 2 Қыс мезгілінде суық түстер айқын байқалады.