Күрделі функцияның туындысыМақсаты

Сабақ туралы

Сабақтың тақырыбы

Күрделі функцияның туындысы

Сабақ типі

Аралас сабақ

Сабақ әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Білім беру технологиясы

Ж. Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» оқыту технологиясы.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Тірек-сызба
  • Кестелер
  • Бағалау парағы

Мақсаттары мен күтілетін нәтижелер

Мақсаты

Күрделі функция ұғымымен танысу, туындысын табу формуласын меңгеру, күрделі функцияны құрастыра білу және оның туындысын табу бойынша білік-дағдыларды қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, күрделі функцияның туындысын табу қабілетін дамыту, іскерлігін жетілдіру.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұқыптылыққа, өз бетінше еңбек етуге және ізденуге баулу; жауапкершілікті сезінуге, адамгершілікке және шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа кіріспе

Сынып оқушыларымен сәлемдесу, түгендеу және сабаққа дайындықтарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1-слайд • Өзара тексеру

№170 есеп

Тапсырма: x0 нүктесі арқылы өтетін жанаманың теңдеуін жазыңдар.

Берілгені (A)

f(x) = 1/3x2 + 1, мұнда x0 = 3

Шешуі

  1. 1 f(3) = (1/3)·32 + 1 = 4
  2. 2 f′(x) = (2/3)x
  3. 3 f′(3) = (2/3)·3 = 2
  4. 4 y = 4 + 2·(x − 3) = 4 + 2x − 6 = 2x − 2

Жауабы: y = 2x − 2