Көрікті шыршамыз Аяз ата

Қатысушылар

Жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Ұлпақарлар, Қоян, Түлкі, Петрушкалар, Аққала, балалар.

Балалар музыка әуенімен залға кіреді. Шырша алдында Аяз ата ұйықтап отырады. Жүргізуші балаларды шыршаға қарай бастап келеді.

Шырша жанындағы кездесу

Жүргізуші

Балалар, қараңдаршы, мына жер қандай әдемі! Бізді әсем де көркем, сұлу шыршамыз қарсы алды. Бүгін қандай мереке?

(Балалар жауап береді де, Аяз атаны көріп қалады.)

Балалардың жауабы

  • — Аяз ата!
  • — Ол ұйықтап отыр.

Жүргізуші: Міне, қызық! Бізде мереке басталғалы тұр еді, ал Аяз атамыз тура мерекеде ұйықтап қалыпты. Оны қалай оятамыз?

Ұсыныс: балалар Аяз атаға ән салып береді.

Ән

«Аяз ата» (балалар әнді орындайды; ән соңында Аяз ата оянып, көзін уқалайды).

Мерекенің басталуы

Аяз ата

Не болып жатыр? Бұл не өзі? Мен ұйықтап қалыппын ба?

Балалар, міне, жиналды. Шырша да дайындалды. Енді мен ұйықтамай, мерекені бастайын! Жаңа жылмен құттықтап, ризалығымды білдірейін!

Жүргізуші

Иә, Аяз ата. Біз мерекеге келдік, ал сіз шаршап қалыпсыз. Алыс жақтардан аппақ қарды кешіп келген соң, демалып кетуіңіз заңды.

Шыршаның шамдарын жағу

Аяз ата шыршаға қарап: «Әттеген-ай! Бұл не деген тәртіпсіздік! Шыршамыз бізбен бірге қуанбай тұрған сияқты. Кәне, шамдарын жарқыратуын сұрайық!»

Барлығы бірге: «Үш, екі, бір!» (алақандарын соғады) — «Шырша, жан!»

(Шамдар жанады. Кейін аяқпен тарсылдатып, шамдарды сөндіреді. Ойын екі рет қайталанады.)

Ән

«Көрікті шыршамыз»

Ақшақарды іздеу

Аяз ата

Қандай жақсы, қандай керемет! Балалар да бүгін ерекше әдемі киініпті. Бірақ немерем Ақшақарды көрмей тұрмын. Ол қайда?

Жүргізуші

Аяз ата, ол бізге әлі келген жоқ.

Аяз ата: Ақшақар қайда кеткен екен? Оны табуға сиқырлы таяғым көмектесер! (Сиқырлы таяғы көмектеспейді.) Ендеше сыпырғымен сыпырып көрейін.

Ақшақар

Ата, мен балабақшаға келе жатыр едім. Бір кезде қатты боран соғып, ұлпақарлар шыр көбелек айналғанда жолдың бәрін жауып тастады. Сізге рахмет, ата, мені қар астынан аршып алдыңыз.

Аяз ата: Ақшақар, сен ұлпақарларыңды ұмытып кеткен жоқсың ба?

Ақшақар: Жоқ! Олар үнемі менімен бірге. Өйткені мен қардан жаралған қызбын ғой.

Би

«Ұлпақарлар» биі.

Қар кесектері ойыны

Ойынның барысы

Ақшақар қораптан «қарларды» алып, алысырақ жерге лақтырады. Балалар оларды жинап, қайтадан қорапқа салады. Ойын бірнеше рет қайталанады.

Ақшақар: Биіктетіп қарды лақтырам, Ұшады олар алыстан. Балалар қарды жинайды, Қорапқа әкеп салады.

Жүргізуші: Рахмет саған, Ақшақар! Балалармен қызықты ойын ойнадың.

Ертегі уақыты: Қоянның оқиғасы

Дайындық

Аяз ата: Балалар, орындыққа отыра қойыңдар. Енді ертегінің уақыты келді. Менің бір қояным бар, ол үнемі менімен бірге.

(Дорбасынан ойыншық қоянды алады. Шырша артында қоян кейпіндегі бала дайын тұрады.)

Сиқыр

Аяз ата: Мен сиқыршымын. Қазір мына қоянды тірілтемін. Солай жасайын ба?

(Балалар: «Иә!»)

(Сиқырлы музыка ойнайды.)
Аяз ата: «Ертегілер, келіңдерші, қоянымды тірілтіңдерші!»

(Қоян әуені ойналады. Шырша артынан көңілсіз қоян-бала шығады. Түлкі үйшік бейнесіндегі орынға жайғасады.)

Диалог

Аяз ата: Амансың ба, қояным?

Қоян (көңілсіз): Сәлеметсіз бе, Аяз ата.

Аяз ата: Неге көңілсізсің?

Қоян: Көңіл көтеретін жайым жоқ. Жағдайым нашар...

Аяз ата: Не болды? Айтып бер, мүмкін көмектесерміз.

Қоянның шағымы

Орманның ортасында өзіме үй салдым. Бәрі жақсы еді, ағаш үйім барында. Бірақ қу Түлкі үйімді көрді де, жайлап кірді де, мені үйден қуып шықты. Үйім барда жақсы едім, енді өзім үйсіз қалдым.

Автор туралы мәлімет

Атырау қаласы, Бірлік ауылы, №35 «Балақай» бөбекжай-бақшасының саз жетекшісі — Есболғанова Алия Дабысқызы.

Материал: «Көңілді шыршалар».