Судың емдік қасиеттері

Судың емдік қасиеттері және сұрау есімдігі

Қазақ тілі, 7-сыныпқа арналған дәстүрлі сабақ жоспары. Мақсат — мәтінді түсіну, сұрау есімдіктерін қолдану және жазылым дағдыларын дамыту.

Сабақтың тақырыбы

Судың емдік қасиеттері. Сұрау есімдігі.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелесу
  • Тіл дамыту

Көрнекілік және байланыс

  • Кітап, суреттер
  • Грамматикалық кесте
  • Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Тақырып бойынша мәлімет беру.
  • Оқу техникасын күшейтіп, аударма жұмысына назар аударту.
  • Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету.

Дамытушылық

  • Тапсырма орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін дамыту.
  • Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін жетілдіру.
  • Сөздік қорды байытып, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.

Жаңа түсінікті қалыптастыру

Сөздікпен жұмыс

Әдіс-тәсіл
метод
Аш қарын
на голодный желудок
Үстіңгі қабаты
верхний слой

Тапсырмалар

  • Сөздерді дұрыс айту.
  • Сөз тіркестерін құрап айту.

Мәтін: судың емдік қасиеттері

Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілдері көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек, өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, оның емдік қасиеті зор болады.

Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі: ағзаға таза су енеді де, ол қанымыздың сұйық құрамына әсер етіп, «тазалық» ақпаратын жеткізеді. Соның нәтижесінде денеміздегі сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал етеді. Су улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізуге көмектеседі.

Су — буын қуыстарын майлайтын негізгі заттардың бірі. Ол ішек жұмысын реттеп, ішектің майлануын қамтамасыз етеді.

Жұмыс түрі

Мәтінді оқып, түсініңдер. Орыс тіліне аударыңдар.

Сұрау есімдігімен жұмыс

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар. Төмендегі сұрау есімдіктерін қолданыңдар:

қандай кімнің қалай қашан не істейді

Тірек сөздер арқылы жазылым

Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрап жазыңдар:

  • дәрігер
  • емдік
  • су
  • адам ағзасы

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    • Сәлемдесу.
    • Оқушыларды түгендеу, келмеу себебін анықтау.
    • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  2. II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау

    5 мақал-мәтел, 5 жұмбақ.

  3. III. Жаңа түсінікті қалыптастыру

    • Кіріспе сөз.
    • Сөздікпен жұмыс.
    • Мәтінді оқу, түсіну, орыс тіліне аудару.
    • Сұрау есімдіктерін қолданып, мәтінге сұрақтар дайындау.
    • Тірек сөздер арқылы сөйлемдер құрастыру.
  4. IV. Жаңа сабақты бекіту

    • Жазылым: сұрау есімдіктерімен мәтінге сұрақтар құрастыру.
    • Тірек сөздер арқылы сөйлемдер құрастыру.
  5. V. Сабақты қорыту

    Пысықтау сұрақтарына жауап беріңдер:

    • Судың қандай емдік қасиеті бар?
    • Қай кезде ауыр металдар судың бетіне көтеріледі?
    • Күніне неше литр су ішу керек?
  6. VI. Үй тапсырмасы

    Судың емдік қасиеттері туралы ата-аналарыңнан сұрап, жазып келіңдер.

  7. VII. Бағалау және рефлексия

    Оқушылардың жұмысы бағаланады. Рефлексия: Т-кестесі.

Негізгі ұғымдар

су емдік қасиет ағза аударма сұрау есімдігі жазылым

Жылдам тапсырмалар

  • Мәтіннен су туралы 3 негізгі ойды бөліп жазыңдар.
  • Қандай? Қашан? Қалай? сұрақтарымен кемі 5 сұрақ құрастырыңдар.
  • Тірек сөздермен 4 сөйлем құраңдар.