Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы
Сабақ жоспарлары (сыныптар бойынша)
-
5-сынып
Төменгі сөреден 60 метр қашықтыққа жүгіру
-
7-сынып
Гимнастикалық қабырғада жаттығулар жасау
-
6-сынып
Акробатикалық жаттығулар
Дене шынықтыру (5-сынып): 60 м қысқа қашықтыққа жүгіру
Сабақтың тақырыбы
Төменгі сөреден 60 метр қашықтыққа жүгіру.
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік: қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын меңгерту.
-
Денсаулық сақтау: жүгіру арқылы шапшаңдықты дамыту.
-
Тәрбиелік: жаттығуларды қауіпсіз әрі дұрыс жүктемемен орындауға дағдыландыру.
Қолданылатын спорт құралдары
Ысқырғыш, секундомер.
Негізгі уақыт
60 м жүгіру бөлімі: 15–20 минут.
Сабақтың мазмұны
1) Ұйымдастыру бөлімі
-
Сапқа тұру.
-
Сәлемдесу.
-
Рапорт қабылдау.
-
Оқушылардың денсаулық жағдайын анықтау.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
2) Дайындық бөлімі
Саптағы жаттығулар
- «Оңға!», «Солға!», «Айнал!», «Алға!», «Алға бас!» командаларын орындау.
- Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен және өкшемен жүру.
Қыздыру және жалпы дамыту
- Спорттық жүріс және жеңіл жүгіру.
- Жүгіру барысында әртүрлі қыздыру жаттығуларын орындау.
- Бір орында тұрып және қозғалыста жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
3) Негізгі бөлім: 60 м қашықтыққа жүгіру
Бұл жаттығу жылдамдық қабілетін дамытуға бағытталған. Жүгіру төменгі сөреден басталады.
Оқыту реті
-
1
Мұғалім техника элементтерін көрсетеді.
-
2
Оқушылар орнында тұрып, баяу қарқынмен «тіреле жүгіру» жаттығуын орындайды.
-
3
Содан кейін жылдамдықты біртіндеп арттыра отырып, 60 м қашықтыққа жүгіреді.
Техникаға қойылатын талаптар
-
Жүгіру кезінде аяқ табанын бір сызық бойымен ұстау.
-
Кең адыммен және жоғары қарқынмен жүгіру.
-
Жамбасты жоғары көтере адымдау және күш сала итерілу.
Тәртіп және қауіпсіздік
-
Жаттығулардың дұрыс орындалуын тұрақты бақылау және талап ету.
-
Техниканы жақсы орындайтын оқушыны үлгі ретінде көрсету.
-
Қатар жүгіріп келе жатқан сыныптасына кедергі жасамау.