Суретке қарап, театр түрлерін ата
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Бағыты мен бөлімі
- Білім беру саласы
- Коммуникация, Әлеумет, Шығармашылық
- Бөлімі
- Драма
- Тақырыбы
- «Қойшы, түлкі және аю» (қуыршақ театры)
Мақсаты
- Үйлесімді қимылды дамыту.
- Әртүрлі дауыс күшін қолданып, кейіпкердің эмоциялық бейнесін жеткізе білу.
- Түрлі қуыршақтарды пайдаланып, олармен ойнау тәсілдерін меңгерту.
- Кейіпкер ерекшелігін ашу үшін мәнерлілік құралдарын қолдануға үйрету.
- Тапқырлыққа және табандылыққа тәрбиелеу.
Дайындық және ресурстар
Алдын ала жұмыс
- «Қойшы, түлкі және аю» ертегісін оқу.
- Жұмбақтар шешу.
- Тыныс алу жаттығуларын орындау.
Көрнекі құралдар
- Ерден атай, Айару (ойыншықтар).
- Театр иллюстрациялары: драма театры, опера және балет театры, қуыршақ театры.
- Перде.
- Әліппе-дәптер.
Тілдік тірек
Сөздік жұмыс
Билингвальді компонент
қойшы
чабан
түлкі
лиса
аю
медведь
қасқыр
волк
ҰОҚ кезеңдері: жоспар және әрекет
1) Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері арқылы көңіл күйді көтеру және бір-біріне ізгі тілек айту.
Педагогтің әрекеті
Шаттық шеңберін ұйымдастырады, қонақтармен әдепті сәлемдесуді еске салады.
Шаттық шеңбері мәтіні
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
«Сәлеметсіздер ме?» — деп,
Сәлемдесіп аламыз.
Балабақшам, армысың!
Сені жақсы көремін.
Достарым менің, бармысың!
Құшақтасып алайын.
Балалардың әрекеті
Балалар шеңберге жиналып, бір-біріне жылы тілектер айтады.
Қонақтармен сәлемдесіп, жақсы көңіл күй қалыптастырады.
2) Ұйымдастырушылық-ізденістік
Ертегілер әлеміне саяхат: театр түрлерімен танысу, тыныс алу жаттығулары, ойындар және қуыршақ театры арқылы диалог құру.
Кіріспе әңгіме
Педагог балаларды Ерден атайдың «ертегілер әлеміне» шақырады және тақтадағы суретке назар аудартады.
Театр туралы қысқаша түсінік
Театр — көне грек сөзі. Ана тілімізде ол «көретін орын» деген мағына береді. Театрда түрлі қойылымдар көрсетіледі.
Балалардың қатысуы
Балалар қызығушылық танытып, саяхатқа келіседі.
Театрдың түрлерін атайды: қуыршақ театры, драма театры, опера және балет театры.
Айарудың 1-тапсырмасы
- Суретке қарап, театр түрлерін ата.
- Саған қай театрда ойнаған ұнайды?
- Театрда ойнайтын адамдарды қалай атаймыз?
- Біз нағыз актер бола аламыз ба?
- Нағыз әртіс болу үшін нені білу керек?
Негізгі ой
Мәнерлі сөйлеу, көркем қимыл, сахна мәдениеті.
Тыныс алу жаттығулары
1) «Қолымызды жылытайық»
Қолды үйкеп, өз демімізбен жылытып көрейік. Жаттығуды 4–5 рет қайталаймыз.
2) «Ыстық сүт (шай) ішейік»
Ыстық сусынды суыту үшін бетіндегі «көпіршігін» үрлеп итереміз. Жаттығуды 2–3 рет қайталаймыз.
Ойындар
«Жұптасу, топтасу»
Музыка ырғағымен қимылдаймыз. Әуен тоқтағанда өз серігіңді тез тауып жұптас. Келесі айналымда 4–5 бала болып топтас.
«Қай аң екенін тап»
Үстелдегі аң суреттері теріс қаратылады. Бала бір суретті таңдап алып, сол аңды қимыл-қозғалыспен бейнелейді. Қалғандары табады.
Айарудың 2-тапсырмасы: тақпақ
Аю жүрген орманнан
Жидек тере мен барғам.
Аю отыр гүрілдеп,
«Жарамайды мұның!» — деп.
Балалар тақпақты әртүрлі екпінмен қайталап, дауыс ырғағын және эмоцияны жеткізуді үйренеді.
Ертегіні еске түсіру
- Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау.
- Ертегінің қалай аяқталғанын әңгімелеу.
Талқылау нәтижесі
Жағымсыз кейіпкер: түлкі. Жағымды кейіпкер: қойшы.
Қуыршақ театры: диалог және рөл бөлу
Педагог балаларға ертегіні кейіпкерлер арасында диалог құрып, қуыршақ театры арқылы сахналауды ұсынады.
Рөлдерге бөлу тәсілі
Балалар текшелерді таңдап, текшедегі кейіпкер суретіне қарай рөлге бөлінеді.
Айарудың 3-тапсырмасы: шығармашылық жұмыс
Өзің ойнағың келетін ертегі кейіпкерінің суретін сал және қысқаша ойнап көрсет.
3) Рефлексиялық-түзетушілік
Сабақ әсерін бөлісу және өзін-өзі бағалау.
Сұрақтар
- Бүгінгі театр сабағынан қандай әсер алдыңдар?
- Қуыршақты қимылдату, қозғалту қиын болды ма?
Бағалау
Ерден атай балаларға өз жұмысына баға беруді ұсынады:
Ұнады
Жасыл қоржынды таңдайды.
Ұнамады
Қызыл қоржынды таңдайды.
Күтілетін нәтижелер
Жасайды
Сахнада құрдастарымен қарым-қатынас жасай алады.
Түсінеді
Қуыршақ театрының түрлерін ажырата біледі.
Қолданады
Дауыс ырғағы, дене қалпы және жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер жасайды.