Фариза Оңғарсынова өлеңіТелефоны құрғырың үндемеді - оятпады мазалап түнде мені


Фариза Оңғарсынова өлеңі

Телефоны құрғырың үндемеді -
оятпады мазалап түнде мені.
Шырт ұйқыдан тұрғызып сүйіктім кеп
кетеміз, жүр демеді.
Ақ айдынға тоғытып жыр - кемені,
желмен ұшып жанымның мұң - желегі,
ағыстармен алысар арман сәттер
ұмытты мүлде мені.
Жақындатпай, алдырмай ой қамалы,
үміт, ыза - жиылып бойға бәрі,
арман оты жарқылдап жанарымда
найзағай ойнамады.
Азаптың да рақат бар мұңдары,
сені сағынғаным да - жанның нәрі.
Осы бір сәт тыныштық болса игі еді
дауылдың алдындағы!


Ұқсас жұмыстар
Менің Отаным – Қазақстан
Міндеттеменің субъектілері, олардың құқықтары мен міндеттері. Мұра. туралы
Фотолюмениценция
Міндеттеменің субъектілері, олардың құқықтары мен міндеттері. Мұра.
Менің елім – Қазақстан
Елім менің - еңселі
"Ұстазым, менің ұстазым!"
Менің қымбат жаным!
Менің ауылымның табиғаты өте көркем, сұлу
МЕНІ ЕРТІП КЕТТІ САҒЫНЫШ