Абай ҚұнанбаевМен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға
Абай Құнанбаев
Мен боламын демеңдер,
Аяқты алшаң басқанға.
Екі көзің аларып,
Құр қарайсың аспанға.
Бір ғылымнан басқаның,
Бәрі де кесел асқанға.
Өйткен адам жолығар
Кешікпей - ақ тосқанға.
Ұқсас жұмыстар